Өткен 9 айда Алматы облысында өнеркәсіпте өсім 3,1% немесе 846,7 млрд.теңге, ауыл шаруашылығында – 2,4% немесе 634,6 млрд.теңге, құрылыста – 11,6% немесе 208,2 млрд.теңгені құрады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен брифингіде айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- 2020 жыл коронавирус індетіне байланысты оңай болған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес Үкімет дер кезінде халықты әлеуметтік қорғау және бизнесті қолдау шараларын қабылдады. Осының арқасында экономиканың негізгі салаларында өсім қарқынын сақтай алдық, - деді А. Баталов.
Өңір басшысының айтуынша, тоғыз ай ішінде 437,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 8,8% құрады.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.