"WSEC – 2017" конгресі өтеді

"WSEC – 2017" конгресі өтеді

2017 жылдың 19 – 20 маусымы аралығында  «Астана «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі қарсаңында   инженерлер мен ғалымдардың WSEC – 2017: «Болашақ энергиясы: инновациялық сценарий және оларды дамыту жолдары» тақырыбында Бүкіләлемдік конгресі өтеді.

 

Аталмыш конгресс көрменің  ең маңызды деген 10 іс-шарасының қатарына кіреді. Дәл осындай үлкен деңгейдегі іс-шара Орталық Азия мемлекеттерінде бірінші рет өткізілмек.

 

Қазіргі таңда 80 елден қатысуы ықтимал 100 қатысушы таңдалып алынды. Олар - Нобель сыйлығының иегерлері, Халықаралық «Ғаламдық  энергия» байқауының жүлдегерлері, сондай-ақ энергетика саласындағы танымал сарапшылар, ғалымдар мен инженерлер.

 

Конгресті ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық инженерлік академиясы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы, Сыртқы істер министрлігі, Энергетика министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Назарбаев университеті, Халықаралық инженерлік академиясы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясы, Жаңартылмалы энергия көздері халықаралық агенттігі, «Masdar» ғылымдар мен технологиялар институты және т.б.

 

Бұл мәліметті "WSEC – 2017" ұйымдастыру комитетінің төрағасы, академик  Б.Жұмағұлов баяндады.

 

P.S. Конгресс туралы толығырақ мәліметті мына сайттан біле аласыз: www.wsec.kz.