АҚШ делегациясы EXPO жұмысымен танысты

АҚШ делегациясы EXPO жұмысымен танысты

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма басшысы Ахметжан Есімов АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері бойынша көмекшісі Ульям Тоддпен кездесті.

 

Басқосу барысында екі жақ «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық мәселелерін талқылады. Ахметжан Есімов америкалық қонақтарды халықаралық көрмеге дайындық деңгейімен танысырып өтті. Ұлттық компания басшысы 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйымның көрмеге қатысатындығын ресми растағандығын атап өтті. Павильондарды халықаралық қатысушыларға тапсыру бойынша белсенді жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. Айталық, халықаралық қатысушылардың 18-і өз павильондарын мазмұндық толтыру жұмыстарына кірісіп кетті.

 

Сонымен қатар, АҚШ делегациясы «ЭКСПО-2017» құрлысы алаңы мен ұйымдастырушылар кеңсесінде болды.

 

«Бүгін біз көрменің құрылыс алаңындағы жұмысымен таныстық. Ұйымдастырушылардың ауқымды еңбегінің куәсі болдық. Халықаралық қауымдастықтың көрмеге деген үлкен қызығушылығы байқалады. Сондықтан дүние жүзіндегі технологиялық лидер ретінде «ЭКСПО-2017» көрмесінде абыройлы қатысуы үшін барлық күш-жігерімізді салатын боламыз», - деді Ульям Тодд.