
Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың
2017 жылғы 22 ақпандағы тұрғындар алдында беретін
есепті баяндамасының
тезистері
Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылғы 17 ақпандағы облыс әкімінің есепті кездесуінде айтылған 10 ұсынысты орындау жоспарланып, оның барлығы (100%) іске асырылған.
Атап айтқанда, Алакөл ауданы Сапақ ауылының тұрғындарын орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамту мақсатында 2016 жылы 178,9 млн.теңге бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, нысан мемлекеттік қабылдау комиссияның актісімен қабылданды.
Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындығы мектептердегі үшауысымды оқытуды жою мақсатында Есік қаласындағы 600 орынды орта мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың жалпы құны 1 млрд. 244,238 млн. теңгені құрайды. Нысан 2017 жылы пайдалануға беріледі.
«Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының кәріз жүйесін қайта жаңарту және салу» нысаны бойынша жоба әзірленді.
2016 жылдың тамыз айында Көксу ауданының Балпық би ауылында аппатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары жаңадан салынған 50 пәтерлі үйге толығымен көшірілді.
2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасының аясында Алматы облысының шекаралық аймағы ретінде Райымбек ауданын дамыту бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленген.
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген 929,1 млн. теңгеге Панфилов ауданы Жаркент қаласында 300 оқушыға арналған жалпы орта білім беру мектебінің құрылыс жұмыстары басталды. Нысан 2017 жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі.
Сарқан ауданындағы Мүшүмбай, Қаражырық, Қонақбай және Р-І магистралды каналдарына күрделі жөндеу мен механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 82,9 млн. теңге қаржы бөлінді.
Сарқан қ. ҚТҚ қоймалауға арналған полигон құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптама қорытындысы (2014 жылғы 15 тамыздағы №18-0528/14 мемлекеттік сараптама қорытындысы) алынды. Жобаның жалпы құны - 168,1 млн. теңге.
Аудан және қала әкімдерінің есепті кездесулері бойынша іс-шаралар жоспарына 163 ұсыныс енгізіліп (2015 жылы - 220), толығымен орындалды.
Барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есепті кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шаралардың орындалу барысы облыс әкімі аппаратының тұрақты бақылауына алынды, тоқсан сайын облыс, аудан және қала әкімдіктерінің мәжілістерінде қаралды және БАҚ-тарда жарияланды.
Алматы облысының 2016 жылғы
әлеуметтік-экономикалық даму
қорытындылары туралы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына облыс жақсы нәтижелермен жетті.
Облыс халқының саны 300 мыңға жуық артып, 1953,6 мың адамға жетті.
Жалпы ішкі өнім көлемі соңғы 15 жылда 159 млрд. теңгеден 2 трлн. 179 млрд. теңгеге дейін немесе 14 есе өсті.
1991 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9,5 млрд. теңгеден 645,3 млрд. теңгеге дейін немесе 68 есе өсті. 200-ден астам жаңа өнім түрлерінің өндірісі игерілді, «Кока-Кола Ботлерс», «Кнауф-Гипс», «Фуд Мастер», «Danone», «RG BRANDS», «Хамле», «Филип Моррис», «Джей Ти Ай», «Тиккурила», «Эффес», «Адал» сияқты ірі брендті кәсіпорындар пайда болды.
Жаңа фармацевтика саласы пайда болды, 6 фармзауыты салынды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3 млн. теңгеден 581 млрд.теңгеге дейін көбейді.
Егістік алқабы бір миллион гектарға жуықтады (1991 ж. - 1520,8 мың га), суару жүйелерін қалпына келтіру есебінен суарылмалы жерлердің алаңы 453,4 мың га жетті.
Ірі қара мал басының (1991 ж. – 885 мың бас, 2016 ж. - 906 мың бас) және жылқы (1991 ж. – 218 мың бас, 2016 ж. - 274,6 мың бас) саны қалпына келтірілді, жыл сайын қой, ешкі және құс басының саны артуда.
1991 жылмен салыстырғанда құрылыс жұмыстарының көлемі 28 есе артып, 243 млрд.теңгеге жетті (1991 ж. - 8,7 млрд. теңге).
2001 жылдан бері 8 млн. ш.метрден астам тұрғын үй іске қосылды.
Облыс орталығы Талдықорған қаласында, Қарасай, Талғар, Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарында жаңа мөлтек аудандар мен коттедж қалашықтары пайда болды.
Облыс бюджеті 37 есе көбейіп, 408 млрд. теңгеге жетті (1997 ж. - 11 млрд. теңге).
Білім саласына бағытталған қаржы көлемі – 5,3 млрд. теңгеден 149 млрд. теңгеге дейін, денсаулық сақтау – 2,5 млрд. теңгеден 80,9 млрд. теңгеге дейін, мәдениет және спорт – 300 млн. теңгеден 12,9 млрд. теңгеге дейін және халықты әлеуметтік қорғау 1,4-тен 11,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
«100 мектеп және 100 аурухана», «350 дәрігерлік амбулаториялар» бағдарламаларының арқасында 17 ауруханалар мен емханалар, 88 дәрігерлік амбулаториялар іске қосылды.
136 мектеп салынды және 369 балабақша ашылды, соның ішінде 328 - жекеменшік (88,9%), 22 – спорт объектілері, ауылдарда 205 ауылдық Мәдениет үйлері және клубтар, 214 кітапханалар ашылды.
2000 жылы 47 балабақша болатын, бүгінде 500-і жұмыс жасайды, оның 63,2%-і – жекеменшік. Тек соңғы екі жылда 224 немесе 90,2% жекеменшік балабақшалар ашылды.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай», «Алматы-Талдықорған» автомагистральдарды қайта жаңғырту, «Алмат-Талдықорған» желілік газ құбырының құрылысы бойынша ірі жобалар аяқталды.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА іске қосылды, келешекте мұнда 70 кәсіпорынға дейін орналасады және бұл өңірде болашақта 100 мың халқы бар қала пайда болатын, экономикалық өсімнің қуатты нүктесіне айналады.
2011 жылдан бері орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне 148 елді мекен қосылды, қамтамасыз ету деңгейі 60%-тен 84%-ке дейін өсті.
Облыс орталығы – Талдықорған қаласында бірқатар ірі объектілер қолданысқа берілді: «Талдықорған» индустриялдық аймағы, Оқушылар сарайы, Жастарға қызмет көрсету орталығы, 300 орынды қалалық көпсалалы аурухана, «Жастар» саябағы және «Қаратал» өзенінің жағалауы.
2016 жылдың қорытындылары бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша оң үрдіс сақталды.
Жалпы ішкі өнім 2016 жылғы бағалау бойынша 2,0% өсіммен, 2 триллион 179 миллиард теңгені құрайды.
Ауыл шаруашылығында жалпы өнім 581,4 млрд. теңгені құрады және 2015 жылмен салыстырғанда 3,8%-ке артты.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының бүкіл егістік алқабы 932,2 мың га құрады немесе 2015 жылдан 6 мың га көп.
6,3 мың гектар қант қызылшасы себілді, 241,2 мың тонна өнім жиналып, 25 мың тонна қант өндірілді.
466 шаруашылық жұмылдырылды, мұнда 1398 адам жұмыспен қамтылған, 9641 ауыл тұрғыны және 203 адам зауытта жұмыс жасайды.
Жүгерінің егістік алқабы 4,1 мың га артып, 76,1 мың га құрады, 484,7 мың тонна өнім жиналды, 4100 шаруашылық жұмылдырылды, онда 12300 адам және 29207 ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған.
Бақтар алаңы 20,7 мың га жетті (соның ішінде алма – 12,2 мың га), оның ішінде апорт – 2 мың га.
Тамшылап суаруды пайдаланатын заманауи технологиялармен жарақтандырылған ірі үдемелі бақтар пайда болды: Панфилов ауданында 1100 га «Жаркент Фрукт» ЖШС (стратегиялық инвестор – «Ордабасы Групп» корпорациясы), Еңбекшіқазақ ауданында 250 га - «AlmaGreenFields» ЖШС және 78 га - «Apple World» ЖШС.
Жылыжай шаруашылығы дамытылуда. 71,4 га алаңда 413 жылыжай өнім береді, оның ішінде 25,9 гектарда - 6 өнеркәсіптік жылыжайлар.
Сақтауды қамтамасыз ету үшін сыйымдылығы 159,6 мың тонналық 135 көкөніс қоймасы бар, онда бүгінгі күнде 135,2 мың тонна картоп пен жеміс-көкөніс өнімдері салынған.
Мал шаруашылығында шошқадан басқа, барлық мал мен құс басының саны көбейді. 327,5 мың тонна барлық ет түрі өндірілді (2015 жылға - 103,7%), сүт – 692,7 мың тонна (101,8%), жұмыртқа – 1067,5 млн.дана (101,2%) және жүн – 8,2 мың тонна (101,5%).
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 7,9 мың бас ІҚМ басы сатып алынды немесе жоспарға - 112,7%, «Алтын Асық» бойынша - 20,5 мың бас ұсақ мал (128,7%), «Құлан» бойынша - 3,6 мың бас жылқы (100,7%) алынды.
Нәтижесінде, асыл тұқымды ІҚМ басының саны - 18,8%-ке (2015ж. – 18,3%), қой – 22,7% (22,3%), жылқы 15,8%-ке (15%) дейін көбейді.
Инфляция 108,1%-ды құрады (республика бойынша – 108,5%).
Тұрақтандыру қоры 334,0 млн. теңге сомасына 2,4 мың тонна көлемде 13 түрлі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын сатып алды, базар бағасынан 10-15%-ке төмен бағамен 1,6 мың тонна өнім саудаланды.
800 тауар өндірушілердің қатысуымен 1231 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді (базар бағасынан төмен бағамен 3,1 млрд. теңгеге өнім сатылды).
Азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу үшін әкімдіктер мен тауар өндірушілері арасында, сондай-ақ сауда қызметі субъектілерімен ең төменгі сауда үстемелерін қолдану бойынша 1652 меморандум жасалды.
Өнеркәсіпте 1,2% өсіммен 645,3 млрд. теңгеге өнім өндірілді.
Өнеркәсіп құрылымында жалпы өндірістің 82,9%-і өңдеу саласына тиесілі, мұнда 534,7 млрд. теңгеге өнім өндірілді.
Сүт өнімдерінің өндірісі – 6,8%-ке, крахмал және крахмал өнімдері – 44,1, сыра – 4,3, ашытқы – 7,5, темекі өнімдері – 3,4, фармацевтикалық өнімдер – 87,0 және электр құралдары 88,3%-ке артты.
72 жаңа өнеркәсіп объектілері іске қосылды, әрекет етуші 34 өндіріс кеңейтіліп, қосымша 2526 жұмыс орны құрылды.
«Талдықорған» индустриялдық аймағы инфрақұрылымының құрылысы толығымен аяқталды.
Жамбыл ауданындағы «Қазбек бек», Іле ауданындағы «Боролдай», Талғар ауданындағы «Қайрат», Қапшағай қаласындағы «Арна» индустриялдық аймақтарының ТЭН және ЖСҚ дайындау жүргізілуде. «G-4 City» қанаттас қалашығының аумағында «Береке» жаңа индустриялдық аймағы құрылуда.
Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында Текелі қаласында 500 жұмыс орнын құрумен, 8,3 млрд. теңгеге «Bapy Mining» ЖШС-ның қайта балқытылған шойын алумен темір кенін өндіру және өңдеу зауыты іске қосылды.
Картаның 51 жобасының 43-і жоспарлы қуатына шықты, 4-уі орташа жүктемемен, біреуі төмен жүктемемен әрекет етуде, 2-уі тоқтап тұр: Талғар ауданында «Байсерке-Агро» ЖШС-ның сүт зауыты және ет өңдеу кешені.
Шағын және орта бизнестің әрекет етуші субъектілерінің саны 118,7 мың бірлікті құрайды. Салада барлығы 293,4 мың адам жұмыспен қамтылған немесе экономикалық белсенді халықтың - 29,1%.
Бағалау бойынша өндірілген өнім көлемі 839,4 млрд. теңгені құрады, бюджетке 52,7 млрд. теңге салық түсті, жергілікті бюджеттің жалпы көлеміндегі үлесі 2015 жылғы 30,0%-ке қарағанда 37,7%-ке дейін өсті.
Кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 15,4 млрд. теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру аясында 6,0 млрд.теңге бөлініп, жалпы 43,6 млрд. теңгеге 275 жоба қамтылды, оның ішінде 7 жоба сомасы 3,3 млрд. теңгеге инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» аясында 5,8 млрд.теңге бөлінді, 1302 адам шағын несие алды, қосымша 990 жұмыс орны құрылды.
«Даму» қорымен бірге, шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдікпен несиелендіруге 3 млрд.теңге бөлінді (ЖБ - 1 млрд.теңге, «Даму» - 2 млрд.теңге), сомасы 2,5 млрд. теңгеге 37 несие берілді.
Кәсіпкерлер палатасымен бірге ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 600 млн.теңге бөлінді, 2016 жылы 155 өтінім мақұлданды.
Жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде 602 кәсіпкер жаңа істерін ашты, 2595 жұмыс орны құрылды және 7616-сы сақталды, бюджетке 2,3 млрд.теңге салық түсті.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2015 жылға 3,3% өсіммен 528,9 млрд. теңгені құрады.
Инвестициялардың негізгі көлемі – 400,1 млрд.теңге немесе 75,7%-ті бюджеттен тыс қаражаттар есебінен игерілді.
Инвестиция тарту үшін ҚХР Үрімжі қаласында және Талғар қаласында екі халықаралық форум өткізілді. Олардың қорытындылары бойынша жалпы 983 млрд. теңгеге 39 жобаны жүзеге асыру жоспарланды.
Бизнес өкілдерімен 2015 жылы өткізілген кездесулер қорытындылары бойынша ұсынылған 75 инвестициялық жобалардың ішінде жалпы сомасы 15,4 млрд. теңгеге 8 кәсіпорын қолданысқа енгізілді, 637 жұмыс орны құрылды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,1% өсіммен 242,8 млрд. теңгені құрады.
1252,9 мың ш.метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді немесе 2015 жылға - 110,3%, оның ішінде заңдастыру есебінен - 1076,8 мың ш.метр немесе 86,6%.
«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы бойынша 35,3 мың ш.метр тұрғын үй қолданысқа енгізілді немесе 442 пәтерлі 19 үй, оның ішінде «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» арқылы - 5,8 мың ш.метр, жас отбасыларына арналған жалдамалы тұрғын үй - 9,3 мың ш.метр, коммуналдық тұрғын үй - 20,2 мың ш.метр.
«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында, сомасы 1,6 млрд. теңге облигациялық қарыз есебінен алаңы 33,6 мың ш.метр 6 несиелік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (672 пәтер).
Облыс бойынша «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту», «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында 23 елді мекен орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз етілді, 91-інде ауыз су сапасы жақсартылды.
Бүгінгі күнге елді мекендердің орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілу деңгейі 84%-ке дейін жеткізілді (741 елді мекеннің 622-сі).
2016 жылы Қарасай, Талғар, Панфилов аудандарында (4 ауыл) және Талдықорған, Текелі (2) қалаларында сумен қамту және су бөлу жүйелерінің 9 жобасын жүзеге асыру басталды, олар ағымдағы жылы іске қосылады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы.
Облыста 3448 көп пәтерлі тұрғын үйлердің 1842 үйі жөндеуге жатады немесе 53,4%.
Қайтарымды қаражат есебінен сомасы 128,2 млн. теңгеге 13 көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілді (Талдықорған қ. - 8 үй және Қапшағай қ. - 5 үй).
Шатырды ауыстыру, қасбеттерді, ішкі және бөлу инженерлік жүйелерін, кірме және кіре беріс есіктерін жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жылумен қамтуды жалпы қуаты 791,1 Гкал 30 қазандық жүзеге асырады. Жылу жүйелерінің ұзындығы 435,0 ш. құрайды.
«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасының аясында сомасы 60,0 млн. теңгеге Талдықорған қаласының теміржол бекетіне дейін 1,06 ш. жылу жүйесі салынды.
Текелі қаласының «Достық» ш/а жалпы құны 565,7 млн. теңгені құрайтын жылу жүйелерін қайта жаңарту аяқталды, 4,2 ш. жылу жүйелері қайта жаңартылды.
«Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында 2016 жылы Ұлттық қордан Талдықорған қаласының №4 қазандығын қайта жаңартуға 866,8 млн. теңге бөлінді, жұмыстар 2017 жылы аяқталады.
Көп пәтерлі тұрғын үйлерде 821 жылу есептегіш құралдары орнатылған немесе қажеттіліктен - 44,7% (1834).
Жылу жүйелерінің тозуы - 55%-ке, шығындар 23%-ке дейін төмендеді.
Облыста табиғи газға 108 елді мекен қосылған, газдандыру деңгейі 22,8%-ті құрайды.
Облыс бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 3,3 мың ш. құрайды.
«Алматы-Талдықорған» құбырының жұмысы аяқталды, газ құбырының 264,8 ш. сызықтық бөлігі тартылды.
Талдықорған қаласының қалаішілік газбен қамту жүйесінің 1-кезегінің 1,2,3 іске қосу кешендерінің құрылысы жүргізілуде.
Көксу ауданында «Балпық би» АГБЖ, Іле ауданында «Ақши» АГБЖ салынды, «Талдықорған» АГБЖ монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Еуропалық даму және қайта жаңғырту банкінен тартылатын қаражаттар есебінен сомасы 4,6 млрд. теңгеге Талдықорған қаласының қалаішілік газбен қамту жүйелерінің 4-кезегінің құрылысы жоспарлануда.
Сонымен қатар, тағы 14 елді мекенді газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жүргізілуде.
Алматы облысының атвомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 9317 ш. құрайды (оның ішінде республикалық маңызы бар – 2529 ш, облыстық және аудандық маңызы бар – 6788 ш).
Облыстың жергілікті маңызы бар жолдарында 342 көпір және 5359 су өткізу құбыры бар.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Алматы - Қапшағай», «Алматы-Талдықорған» (245 ш), «Алматы-Қорғас» (304 ш) автожолдары салынды.
2016 жылы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты арқылы 43,5 мың контейнер тасымалданды, 2020 жылға 500 мың контейнер жобалық қуатына қол жеткізу жоспарлануда.
Облыс бойынша жүк тасымалының көлемі 7%-ке артып, 179 млн.тоннаны құрады, жолаушы айналымы 14,4%-ке артып, 14,1 млрд. жол.ш. құрады.
Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» туризм объектісіне апаратын, ұзындығы 17,7 ш. «Бірлік-Алмалық-Рысқұлов-Қазстрой» автожолының құрылысы жүргізілуде.
Ақши ауылынан Алакөл көліндегі демалыс аймақтарына дейін 10 ш. автожол салынды.
Қаратал ауданындағы «Талдықорған – Үштөбе – Быжы – Мұқыры» автомобиль жолының бөлігін, Көксу ауданындағы «Балпық би-Ақтекше» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында облыстың 390 елді мекенінде жолдарды абаттандыру және жөндеу жүргізілді.
Нәтижесінде жергілікті маңызы бар жолдардың 77,8%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.
Мемлекеттік бюджет 2016 жылы 251,7 млрд. теңге жоспар кезінде 105,1%-ға орындалды, түсім 264,5 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жергілікті – 139,8 млрд. теңге немесе жоспардың 103,4%-ы.
Облыс бюджеті 407,5 млрд. теңгені құрады.
Шығыстардың жалпы сомасындағы айтарлықтай үлестік салмақ әлеуметтік-мәдение сала шығындарына – 60,7% (білім– 36,5%, денсаулық сақтау – 16,8%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына - 10,4%, ауыл шаруашылығына – 8,3% тиесілі.
Бюджет шығындарын азайту мақсатында МЖӘ жобаларын жүзеге асыруға жекеменшік инвестицияларды тарту жұмыстары жалғасуда.
2016 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін қолдана отырып, 2,1 млрд. теңгеге 8 жоба іске асырылды.
Талдықорған қаласында жеке инвестор 320 орындық балабақша салды («Алиманова» ЖК).
Ауыл шаруашылығында қант қызылшасын, жүгері және күріш өсіру үшін 7 сервистік дайындау орталықтары құрылды. «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ арқылы оларға 114 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы лизингке берілді.
Барлығы 2020 жылға дейін сомасы 54,5 млрд. теңгеге 58 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Әлеуметтік салада
2016 жылдың 3-тоқсанында экономикалық белсенді халық саны 1007,8 мың адамды немесе тұрғындардың 52%-ын құрады (1953,6 мың адам), оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 959,4 мың адам. Жұмыспен қамтылған тұрғындар ішінде өз ісімен шұғылданушылар саны 259,5 мың адамды құрайды, олардың жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі 30,4%-дан 27,0%-ға дейін төмендеді.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,8%, жастар жұмыссыздығының деңгейі – 2,7%.
2016 жылы 25582 жұмыс орны құрылды немесе жылдық жоспарға - 114,1%.
Жүгінген 45,4 мың жұмыссыздардың ішінде 33,2 мың адам немесе 73,2%-ы жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 7,9 мың адам «Жұмыспен қамту жол картасының» қатысушысы болды, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарға 9,1 мың адам, жастар тәжірибесіне 91 бітіруші жіберілді, 28,3 мың адам басқа бағдарламаларға тартылды.
144,5 мың аз қамтылған азаматтар 2,7 млрд. теңгеге түрлі әлеуметтік көмектер алды. Оның ішінде 44,7 мың адам 864,3 млн. теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алды, жәрдемақы алушылардың жалпы санындағы еңбекке қабілетті халықтың үлесі 29,8%-дан 29,0-ға дейін төмендеді.
Еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылардың санын төмендету үшін 2016 жылы «Өрлеу» жобасына 2277 мүшесі бар 423 отбасы қатысты.
9,7 мың отбасы 355,3 млн. теңгеге тұрғын үй көмегін, 268 ҰОС ардагерлері 17,6 млн. теңгеге коммуналдық қызметтерге толықтай өтемақы алды.
Ауылдық жерлерде тұратын 43,5 мың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт қызметкерлеріне отын сатып алуға 462,7 млн. теңге өтемақы төленді.
Облыс әкімінің гранты бойынша тұрмысы төмен отбасынан шыққан және жетім балалар қатарынан 374 студент жоғарғы оқу орындарында оқиды (161,8 млн. теңге).
Талдықорған қаласының мектеп оқушылары мен күндізгі бөлім студенттері үшін қоғамдық көлікте тегін жүру үшін 38,2 мың адамға 519,5 млн.теңге бөлінді.
572 мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылды, мүмкіндігі шектеулі жандар жиі баратын 140 нысанға бейімдеу жүргізілді.
Соғысқа қатысушылар мен мүгедектері, тыл еңбеккерлері қатарынан 1851 адам санаторлық-шипажайлық ем қабылдады, 525 мүгедектер қоларбасы сатып алынды, 8402 мүгедек протездік-ортопедиялық бұйымдармен және басқа да арнайы құралдарымен және көмекшілердің қызметтерімен қамтылды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында үш бағыт бойынша 15,9 млн.теңге игерілді (ҰҚ- 6,7 млрд. теңге, РБ-3,9, арнайы резерв – 4,3, ЖБ-1,0).
418 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды, 4223 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 2226 адам Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты.
1883 адам оқумен қамтылды, оның ішінде 1874 адам оқуды аяқтады, 1788 немесе 95,4% тұрақты жұмысқа орналасты. Еңбекақысы жартылай субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына - 1034 адам, жастар тәжірибесі арқылы 1460 бітіруші жұмысқа орналастырылды.
Орташа айлық жалақы 2016 жылы 2015 жылғы 94,9 мың теңгеге қарағанда 110,8 мың теңгені құрап, 16,7%-ға өсті.
Облыстың білім бюджеті 2016 жылы 149,0 млрд. теңгені құрап, 2012 жылға қарағанда 1,7 есе өсті (86,9 млрд. теңге).
759 күндізгі жалпы білім беру мектептері, 500 балабақша, 73 колледж және 3 жоғарғы оқу орындары жұмыс істейді.
53 білім нысандарының құрылысы және қайта жаңғырту жүргізілді, оның 18 нысаны іске қосылды, соның ішінде 9 мектеп, оның 8-і үш ауысымды мектептің орнына, Көксу ауданының Жамбыл ауылында 120 орынды орта мектеп ескі мектептің орнына, 6 балабақша, Оқушылар сарайы және басқа да 2 нысан салынды.
37 білім нысандары жөнделді.
Райымбек ауданы Сарыжаз ауылында бір апаттық мектеп болған, жаңа мектеп құрылысы 2016 жылы басталды, ол 2017 жылы аяқталады, үш ауысымды 49 мектеп бар, бұл мәселені шешу үшін 40 мектеп салынады, оның ішінде 34 мектеп 2017 жылы салынады.
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру басталғаннан бері 51,7 мың орындық 454 балабақша мен 210 шағын орталықтар ашылды. Оның ішінде 29 балабақша салынды және қайта жаңғыртылды, 95-і коммуналдық меншікке қайтарылды, 2-уі тұрғын үйлердің 1-қабаттарында ашылды, 328-і – мемлекеттік тапсырысты орналастырған жекеменшік балабақшалар.
Оның ішінде 2016 жылы 125 балабақша ашылды, оның 114-і – жекеменшік, жалпы білім беретін мектептерде 8 шағын орталықтар және жұмыс істеп тұрған балабақшалар мен шағын орталықтардағы қосымша топтар.
Олардың ішінде үш балабақша «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынды: Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында 280 орынды, Қарасай ауданының Қырғауылды ауылында 320 орынды және Қаратал ауданының Үштөбе қаласында 320 орынды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудың жақсы мысалдары ірі жекеменшік балабақшаларының ашылуы болып табылады. Бұл Талғар ауданының Талғар қаласындағы 500 орынды «Премиум» және Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы 200 орынды «Алтын Ұя» жекеменшік балабақшалары.
МЖӘ механизмін пайдаланып, Талдықорған қаласында 320 орынды «Алтын Бесік» бөбектер бақшасы салынды.
Тек соңғы үш жылдың ішінде 279 балабақша ашылды, оның 245-і – жекеменшік.
Қазігі уақытта облыста 500 балабақша бар, оның 316-ы немесе 63,2% – жекеменшік, 65,4 мың бала қамтылды, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі 2015 жылғы 77,3%-ға қарағанда 87,0%-ға жетті.
Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2015 жылғы 67,8 млрд. теңгеден 2016 жылы 80,9 млрд. теңгеге дейін артты немесе 19,3%.
Облыста 826 денсаулық сақтау мекемелері бар, оның ішінде 663 – мемлекеттік, 163 – жекеменшік. Мемлекеттік ұйымдарда 4867 дәрігер мен 13765 медбике жұмыс істейді. 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз етілу – 24,6 (ҚР-29,5), орта медицина қызметкерлерімен – 69,9 (ҚР-79,0) (алдын ала мәліметтер) құрайды. 2016 жылы қосымша 639,5 штаттық бірлік бөлінді, оның ішінде 104,75 бірлік дәрігерлер.
Талдықорған қаласында 300 орынды қалалық көпсалалы аурухана және Алакөл ауданының Ақши ауылында дәрігерлік амбулатория салынды, 14 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді.
Облыстың медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,5 млрд. теңге бөлінді.
123 бірлік медициналық құрал-жабдықтар мен 35 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды. Нәтижесінде облыстың медициналық мекемелері санитарлық автокөлікпен орташа есеппен 87,3% қамтамасыз етілді, медициналық құрал-жабдықтармен және медициналық бағыттағы бұйымдармен жарақтандырылу деңгейі 81,0%-ті құрайды.
Нәтижесінде, облыс халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жуықтады. 2015 жылмен салыстырғанда ана өлімі 25,5%-ға, нәрестелердің шетінеуі – 4,2-ғе, қан айналымы жүйесінің ауруларынан қайтыс болу – 20,6-ға, қатерлі ісіктерден адам өлімі 5,7%-ға төмендеді.
Мәдениет саласында 564 мемлекеттік мәдениет және архив мекемелері бар.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Талғар ауданының Талғар қаласындағы мәдениет үйінің ғимаратына қазандық салынды, Талдықорған қаласында драма театрының құрылысы жүргізілуде, ол 2018 жылы аяқталады.
5 мәдениет мекемесі күрделі жөнделді. Қапшағай қаласының Арна ауылында ауыл клубы және Қарасай ауданында «Анаға құрмет» мұражайы ашылды.
Мәдениет және архив мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 309,9 млн. теңге бағытталды, қосымша 57 штаттық бірлік бөлінді.
46 мыңға жуық түрлі іс-шаралар өткізілді. Бір жылда мәдениет мекемелері 62,1 млн. теңгеге ақылы қызметтер көрсетті.
Түркия Республикасының Анкара қаласында ұлы ақын Сүйінбай Аронұлына ескерткіш ашылды, Сербия Республикасының Белград қаласында қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың бюсті қойылды.
Облыста 3347 спорт құрылыстары бар, оның ішінде 2 Спорт сарайы, 47 бассейн, 22 стадион, 27 теннис корттары, 18 хоккей корттары, 1 шаңғы базасы, 6 ипподром және басқалар.
Спорттың 47 түрі бойынша 27 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді, оқушылар контингенті 27,2 мың адамды құрайды.
Олимпиадалық резервті дайындау орталығында 8 спорт түрі бойынша 103 спортшы жаттығады, облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта 12 спорт түрі бойынша 580 тәрбиеленуші жаттығады.
2016 жылы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды, Сарқан ауданының БЖСМ ММ-ның ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді.
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 520,2 мың адамды немесе облыс тұрғындары жалпы санының 27,0%-ын құрады.
Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2016 жылы 3,3 млрд.теңге бөлінді немесе 2015 жылға қарағанда 1,7 есеге артық (1,9 млрд.теңге).
Жергілікті полицияға дабыл-сөйлеу құрылғысымен және GPS-навигаторларымен жабдықталған 54 бірлік қызметтік автокөлік, 60 радиостанция, сондай-ақ жол-көлік қызметінің қызметтік автокөліктеріне 166 бейнетіркегіш құралдар сатып алынды.
Талдықорған қаласында Кинологиялық қызмет орталығы салынып, жабдықталды, облыстың ІІД-ның Жедел басқару орталығы (ЖБО) және Процессингтік орталығы жұмыс істейді, Қапшағай қаласында ЖБО ғимараты салынды. Текелі қаласында ЖБО құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы аяқталды.
Тұрғын үйі бар учаскелік полиция пункттерінің құрылысы басталды: 3-уі аяқталды, 5-нің құрылысы жүргізілуде (2016 ж. – 84,5 млн.теңге).
Қарасай ауданының «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде ғимаратты учаскелік полиция пунктіне қайта жаңғыртудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және Алакөл ауданының Ақши ауылында учаскелік полиция пунктінің құрылысы басталды.
27052 қылмыс тіркелді, бұл 2015 жылғыдан 3,1%-ға көп.
Тіркелген қылмыстардың (17 594) 65%-ы Алматы қаласының маңында орналасқан аудандарға тиесілі (Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандары және Қапшағай қаласы).
Тіркелген адам өліміне қатысты қылмыстар саны 12,6%-ға (111-ден 97-ға), денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері - 3,8%-ға (185-тен 178-ге), зорлау - 9%-ға (266-дан 242-ге), қарақшылық - 6,3%-ға (80-нен 75-ке), бұзақылық 31,2%-ға (1581-ден 1087-ге) азайды.
Қылмыстардың жалпы ашылуы 48%-ды, ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 65,6%-ды құрады.
Есепті кезеңде әкімдіктің 11 отырысы өткізілді. 1019 нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Облыс әкімінің аппаратына 3599, облыс әкімінің сайтына 140 өтініш түсті. Облыс басшылығы 592 адамды қабылдады.
2017 жылдың 1 қаңтарына облыстың мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 4145 адамды құрады (бос орындар – 181). Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 39,5 жас, мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі – 9,1 жыл, атқарып отырған лауазымдағы еңбек өтілі – 4,3 жыл, жоғары білімі барлар – 91,5%.
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі №175 қаулысымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне сәйкес 3744 мемлекеттік қызметші бағалануы тиіс, 3716 мемлекеттік қызметші бағалаудан өтті, оның ішінде 68-і «өте жақсы», 2340-ы «тиімді», 1308-і «қанағаттанарлық» баға алды.
«Е-әкімдік» ақпараттық жүйесі арқылы 19 мемлекеттік қызметті электронды түрге орталықтандырып енгізу жүргізілді, оның ішінде 17-сі электронды үкімет порталына шығарылды. «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесі арқылы – 107338, оның ішінде электронды үкімет порталы арқылы 32107 қызмет көрсетілді.
Облыста республикалық саяси партиялардың 6 филиалы, 354 үкіметтік емес ұйымдар бар, олардың саны 2015 жылмен салыстырғанда 10 бірлікке көбейді.
Облыс әкімдігі жанында Азаматтық қоғам институттарымен өзара жұмыс жөніндегі кеңес жұмыс істейді.
Облыстағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.
Облыс аумағында тіркелген діни бірлестіктер мен олардың филиалдарының саны 584-ті құрайды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 26-ға көп. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және жолын кесу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 435,2 млн. теңге бөлінді. Облыс орталығында Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылып, жұмыс істейді.
2017 жылға арналған жоспарлар
Жергілікті атқарушы органдардың жұмысы Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады.
Жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы жылы 2,0% өсіммен 2 трлн. 379 млрд.теңгені құрайды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 603,9 млрд. теңгеге немесе 2,0%-ға артады.
Қант қызылшасының егістігі 2,7 мың гектарға көбейіп, 9 мың гектарға дейін жетеді (2016ж. – 6,3 мың га).
300 мың тоннадан астам қант қызылшасын жинау, 30 мың тонна өз өндірісіміздегі қантты алып (2016ж. – 25 мың тонна), импортқа тәуелділікті азайту жоспарланады. Сонымен қатар, Ақсу қант зауытын іске қосуды жоспарлаудамыз.
Жүгерінің егістік алқабы 78,6 мыңға дейін жеткізіледі, орташа егін түсімі 64,5 ц/га болғанда, 507,4 мың тонна өнім жинау жоспарлануда.
Заманауи тамшылап суару технологиясын пайдалана отырып, 517 гектар бақ отырғызылады, оның ішінде Еңбекшіқазақ ауданында «Alma Green Fields» ЖШС – 250 га, «Агронова» ЖШС 41 га алаңда бақ отырғызады.
13 га алаңда – 12 жылыжай, қуаты 6,2 мың тонналық 5 көкөніс қоймасының, 5,7 мың басқа арналған 10 бордақылау алаңының және 770 басқа арналған 5 СТФ-ның құрылысы жоспарлануда.
Облыста 4 млн. басқа жуық қой мен ешкі бар (ҚР 2 орын). Ұсақ малдың етін терең қайта өңдеу мақсатында заманауи зауыттың құрылысына «Бауманн» неміс компаниясы тартылатын болады (қуаты айына 66 мың бас, инвестиция – 6,5 млрд. теңге, 450 жұмыс орны).
Өнеркәсіп өнімінің көлемін 2017 жылы 1,6% өсіммен 665,4 млрд. теңгеге дейін жеткізу көзделген.
Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының аясында 538 жұмыс орнын құра отырып, 24,1 млрд. теңгеге 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Облыс аудандары мен қалаларында 6 индустриалдық аймақты дамыту және 4 өнеркәсіп алаңдарын қалыптастыру жұмыстары жалғастырылады. «Қайрат» индустриалдық аймағының инженерлік инфрақұрылымының құрылысын бастау және «Қазбек бек», «Боролдай» және «Арна» индустриалдық аймақтарының жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындау жоспарлануда.
2017 жылы 8,3 млрд. теңге өсіммен (нақты көлем индексі – 101,2%) 537,2 млрд. теңге инвестиция тартылады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 243,4 млрд. теңгені құрайды (нақты көлем индексі – 100,2%).
611,5 мың шаршы метр тұрғын үй салынады және пайдалануға беріледі, оның ішінде «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында – 88,6 мың шаршы метр тұрғын үй.
2017 жылы 24 елді мекенді газдандыру жоспарлануда, нәтижесінде газдандыру деңгейі 27,9%-ға жетеді.
«Талдықорған-Өскемен» және «Үшарал-Достық» автожолдарын қайта жаңарту басталады.
2017 жылдың 3 ақпанынан бастап, «СКАТ» авиакомпаниясы аптасына 4 рет «Астана-Талдықорған-Астана» бағыты бойынша жолаушыларға қызмет көрсете бастады.
2017 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің санын 120 мың бірлікке дейін, салықтар түсімін 54,5 млрд. теңгеге дейін көбейту жоспарлануда.
Әлеуметтік салада жұмыссыздықтың өсуіне және жалақы бойынша берешектің орын алуына жол бермеуге басты назар аударылады.
2017 жылдан бастап, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдармен қамтуды 90%-ға дейін арттыру үшін 31 балабақша ашу, оның ішінде жекеменшік инвестициялар есебінен 30 балабақша ашу жоспарлануда.
Жергілікті атқарушы органдар аппараттарының жұмысын жетілдіру, сапалық құрамын жақсарту, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру жұмыстары жалғастырылады.
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында белгіленген мақсаттарды іске асыру облыстың агроөнеркәсіп кешенінің одан әрі дамуын, тұрғындарды жұмыспен қамтуды, кәсіпкерлік субъектілерінің дамуын қамтамасыз етуге және өнеркәсіп өнімін өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Біздің міндетіміз – елдің үшінші жаңғыруында Тәуелсіз Қазақстанның одан әрі өркендеуіне лайықты үлес қосу.