Жолдауға - қолдау

Жолдауға - қолдау

Бизнестің үлесі артады

 

Бүгінде республикамыздың эконо­ми­калық әлеуетінің барынша артып, халық тұрмысының күн санап жақ­са­рып келе жатқаны баршаға аян. Осы ретте біз ел ертеңінің бұдан да нұр­лы, бұдан да жарқын болатынын айрықша атап өткіміз келеді. Біз бұл ақиқатқа Мемлекет басшысы Н. Назарбаев­тың Қазақстан халқына Жолдауымен танысу барысында көз жеткіздік.

 

 

 

Жолдау тақырыбының «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталуының өзі тегін емес. Яғни, бұл – тағы бір түлеп, тағы бір жаңғыру жо­лы. Сол арқылы Тәуелсіз Қазақстанның даңқын асырып, хал­қын шын мәніндегі Мәңгілік Елдің уайымсыз, қамсыз тұр­ғынына айналдырудың келесі бір сәтті қадамы деуге болады.

 

 

 

Елбасы бұл Жолдауында Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруының тетігі – бес басымдық пен кешенді үш міндетті белгілеп берді. Соның ішінде, өз кәсібіме орай маған қатты әсер еткені – екінші басымдық деуге болады. Онда  бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту көзделген. Көшбасшымыз мұны одан ары айқындай түсіп: «Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету», – деп атап өтті.

 

 

 

Елбасы екінші басымдық бойынша жасалуы тиіс қадам­дарды да жіктеп, жіліктеп берді. Соның ішінде мына бір ақпарды ерекше атап өткім келеді. Жолдауда: «Бұдан бы­лайғы жерде Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады» деп ашып көрсетілген. Мұның өзі Жолдау, сөзсіз ел мұратын көздеп, халық еңсесін тіктеу мақсатын ұстанып отыр деген сөз.

 

Әбдіжаппар Қыстаубаев,

 

Алматы облысының, Балқаш ауданының Құрметті азаматы, «Бірлік» агрофирма­сының бас директоры.

 

   *   *   * 

 

 

 

    Маңызды қадам

 

Президенттің Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайлы бастамасы бүгінде елде қызу талқыланып жатыр. Парламент пен Үкіметке өз өкілеттігінің бір бөлігін беру жайында шешім қабылдаған Елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Үндеуі көпшілік көңілінен шықты. Соған орай тарихи сәтке куә болып отырмыз деп айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

Елбасының конституциялық реформалар туралы Үндеуі елді жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін. Билік тармақтарының өкілеттіктерінің қайта бөлінуі мемлекеттік басқару жүйесінің жақ­саруына ықпалын тигізеді. Егер Конституцияның жаңа жобасы қабылданатын болса Қазақстан жартылай парламенттік басқару жүйесіне өтпек. Мұндай жаңа бағыт ел мен мемлекетке зор пайда әкеледі деп ойлаймын.

 

 

 

Мемлекет басшысының ұсынысы қолдау тапса, Премьердің құзыреті күшейіп, министрлерді де тағайындайтын құқыққа ие болады. Ал, ұлттық қауіпсіздік, ішкі-сыртқы саясат та назардан тыс қалмақ емес. Бұл саланы бақылауында ұстайтын Елбасы Сыртқы істер мен Қорғаныс министрін де өзі тағайын­дайды. Яғни, Үкімет Мәжіліс сайлауынан кейін тегіс отставкаға кетеді.

 

 

 

 

 

 

 

Қысқасы, министрлер заң шығарушы органға есепті болып, жұмысы жайында үнемі есеп беріп отырады. Бұл Үндеуді жетісулықтар, соның ішінде қапшағайлықтар жақсы қабылдап, өздерінің оң бағасын беруде. Мұндай жаңа өзгерістер мемлекеттің дамуына, қанатын кеңге жайып өркендеуіне өз септігін тигізеді деп толық сеніммен айтуға болады.

 

 

 

 

 

Ескендір СЕРГЕБАЕВ,

 

Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары.