
Алматы облысы әкімінің өкімімен Асқар Рамазанұлы Қожабаев облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Асқар Рамазанұлы ҚОЖАБАЕВ
1968 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын Көксу қоғамдық тамақтану комбинатының бухгалтері болып бастады. Әр жылдарда Көксу аудандық қаржы бөлімінің аға экономисі, Балпық би кентінің Ұлттық банк есептік-кассалық орталығы бастығының орынбасары, ҚР Ұлттық банкінің Талдықорған облыстық операциялық бөлімі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, Талдықорған облыстық бюджеттік банк басқармасының бастығы, Талдықорған қалалық бюджеттік банк бөлімінің бастығы, Талдықорған қалалық қазынашылық бөлімі бастығының орынбасары, Көксу аудандық қаржы бөлімінің бастығы, Алматы облысының қаржы басқармасы бастығының орынбасары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
2005 жылдың қыркүйегінен – облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.