
Талдықорған қаласында ертең, 31 қазанда өтетін жәрмеңкеде жалпы сомасы 169,0 млн. теңге болатын 259,5 тонна азық-түлік нарықтағыдан төмендетілген бағада саудаға шығарылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеге облыстың 3 қаласы мен 17 ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ қатысады.
Онда азық-түліктің 50-ден астам түрі шығарылады. Атап айтқанда, сүт пен пен тағамдары, шұжық, балық, қант, ұн, өсімдіктер мен жануарлар майлары, жармалар, көкөністер мен жеміс-жидектер, бал, ұлттық сусындар және т.б.
Жәрмеңке азық-түлік бағасын тұрақтандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
Өтетін орны: «Жастар» спорт кешенінің маңында.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.