
Бүгін, 24 қаңтар күні Елбасының Жарлығына сәйкес Алматы облысы, Ескелді ауданының әкімі Ж.Ноғайбеков тұрғындар алдында қорытынды есеп беру кездесуін өткізді. Есептік кездесуге Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашов қатысты.
Аудан әкімі Ж.Ноғайбековтің айтуынша, ауданның көрсеткіштері қарқынды өсіп келеді. Былтыр 5 тонна мал азығы, 9,3 тонна мал, құс еті, 28,6 мың тонна сүт, 280 мың тонна жүн өндірілген. “Сыбаға” бағдарламасы 108,3% орындалған. Ауыл шаруашылығына биыл да баса мән беріліп, соның ішінде Қарабұлақтағы қант зауытын іске қосуға 325 млн. теңге бөлінгенін атап өтті.
Сонымен қатар аудан әкім өз баяндамасында ауылдарды ауыз сумен қамту, білім беру, тұрғын үй, денсаулық сақтау салаларына да тоқталып өтті.
Баяндама барысында аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Бимұрат Боранбаев, “Тайжанов” шаруа қожалығының басшысы Әбен Тайжанов, мұғалім Анжелика Нестеренко, жас дәрігер Руфина Досмухамбетова, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Марина Кущ сөз сөйлеп, аудан әкімінің атқарған жұмысына қанағаттанатындықтарын жеткізді.
Кездесуді қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашов өз сөзінде:
- Біздің басты мақсатымыз - Елбасы тапсырмаларын тыңғылықты орындап, мемлекеттік бағдарламаларды жемісті іске асыру. Әрбір атқарылған істің артында аудан тұрғындары тұр. Алдағы уақытта да қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, мал басы санын және ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін арттыру, сондай-ақ инвесторларды тарту бағыттарында белсенділіктеріңізді арттырып, ортақ мақсатқа бірлесіп жұмыс істеу қажет, - деді.