
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласындағы Архангел Гавриил шіркеуіне барып, өңірдегі православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.
Облыс әкімі өз құттықтауында тұрақтылық пен келісім бекем орныққан біздің елімізде түрлі ұлт өкілдері мен түрлі діни сенім иелері тату-тәтті тірлік кешіп жатқанын, Рождествоның үндестікті, мейірім мен өзара түсіністікті бейнелейтін ерекше мереке екенін атап өтті.
- Қазақстан Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің басты байлығы – көп ұлтты халқымыздың ынтымағы, берекесі мен бірлігі екенін үнемі айтып келеді. Дәл осы құндылықтар тұрақтылық пен өркендеудің іргетасын құрай отырып, қазақстандық мемлекетті қалыптастырады. Бүгінгі мерекеде сіздерге, барлық православие христиандарына облысымыз бен тұрғындардың иглігіне бағытталған қайырымды істеріңіз бен ізгі ойларыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, мол бақыт, толайым табыс тілеймін, – деген облыс әкімі А. Баталов балаларға тәттілер мен рождестволық сыйлықтар тарту етті.