Емдеу-профилактикалық мекемесінің құрылысын «Астана-Құрылыс» АҚ бас жабдықтаушысы жүргізуде. Бір дәлізбен бірігіп, 4 бөліктен тұратын медицина мекемесінің құрылысы 2013 жылдың шілдесінде басталды. Мұнда болашақта травмотология, хирургия, нейрохирургия, офтальмология және эндокринология, неврология, пульмонология, терапия бөлімдері өз қызметін көрсетпек. Облыстық денсаулықсақтау басқармасының басшысы М.Мейірбековтің сөзіне қарағанда, жаңа мекеме заманауи үлгідегі медициналық құрылғылармен жабдықталып, кешенді жұмыстар атқару үшін мұнда білікті мамандар қызмет атқаратын болады.
«Астана-Құрылыс» АҚ директоры Б.Сандықбаевтың мәліметіне сүйенсек жобаның жалпы құны 8,3 млрд. теңгені құрайды. Бұл қаржының басым бөлігі қажетті жабдықтарға жұмсалады деп күтілуде. Бүгінгі таңда монтаждау-жөндеу жұмыстарының ауқымды бөлігі аяқталды.