
Алматы облысында ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға биылғы жылы 2,9 млрд.теңге бөлінген. Тұрғын үймен біріктірілген 178 учаскелік полиция пункті салынды, тағы 43-ін салу жоспарда бар. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттарының алдында 2020 жылғы 9 айдағы өңірдің дамуы туралы баяндама жасаған облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Баяндамашының айтуынша, аудандар мен қалалардағы қоғамдық орындарда 1268 бейнебақылау камерасы орнатылған, соның 871-і Талдықорған қаласында қойылған. Биылғы жылы тағы 250 камера орнату жұмыстары басталды (1,0 млрд.тг): Қарасай ауданына - 150, Текелі қаласы мен Панфилов ауданына 50-ден орнатылуда.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.