
Алматы облысында халықты сапалы ауыз сумен қамту үшін «Нұрлы жер», «Өңірлерді дамыту», «Ауыл – ел бесігі», «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары аясында жалпы сомасы 17,9 млрд. теңге болатын су жүйесін салу, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 110 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихат депутаттарының алдында есеп берген облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы облысы әкімінің айтуынша, өңірде 662 км сумен қамту жүйесі салынып, қайта қалпына келтіріледі, 21 елді мекенде ауыз су сапасы жақсарады, тағы 4 ауыл орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады, сөйтіп, қамту деңгейі 91,4% жетеді (678 елді мекен).
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.