Жыл қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесте шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер көлемі 1,7 трлн. теңгеге жетеді

Жыл қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесте шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер көлемі  1,7 трлн. теңгеге жетеді

Алматы облысында дер кезінде қабылданған дағдарысқа қарсы шаралардың нәтижесінде бизнестің 118,9 мың субъектісі салықтық ынталандыруға қол жеткізіп, 641 субъектінің 23,7 млрд. теңге несиесін төлеу кейінге шегерілді. 6,5 мың жалгердің жалға алу төлемі жеке секторда 30%-тен 90%-ке дейін төмендетіліп, бизнестің 690 субъектісі коммуналдық меншіктегі мүлікті жалдау ақысын төлеуден толық босатылды. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында депутаттар алдында есеп берген  Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Амандық Баталовтың айтуынша, өңірде кәсіпкерлікті қолдауға «Бизнестің жол картасы», «Еңбек» бағдарламалары аясында және «Даму» қорының қаржысынан 16,2 млрд. теңге бөлінді. 158 жоба қаржыландырылды, 836 адам шағын несиелер алды, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға 3645 адам жіберілді, жаңа бизнес-идеяларды дамытуға 1659 грант берілді.

Осындай қолдаулардың арқасында Алматы облысында жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесте шығарылған өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 1,7 трлн. теңгеге, ал жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34% (2019ж. – 33,6%) жетеді.

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.