Ирригациялық жүйелерді жаңғыртуға 5,1 млрд. теңге бөлінген

Ирригациялық жүйелерді жаңғыртуға 5,1 млрд. теңге бөлінген

Өңірде ирригациялық жүйелерді қалпына келтіруге 5,1 млрд. теңге бөлінген, соның 1,5 млрд. теңгесі – жергілікті бюджеттен, 3,6 млрд. теңгесі «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде қарастырылған, осы қаржы есебінен 12 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін онлайн режимде өткен облыстық мәслихат сессиясында депутаттар алдында есеп берген облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Амандық Баталовтың мәліметінше, Ислам даму банкінің қаржысына Ескелді, Ақсу аудандарында суару жүйелерін реконструкциялау жүріп жатыр, республикалық бюджет есебінен 10 ауданда осындай жұмыстар жүруде. Жалпы биылғы жылы шамамен 20 мың гектар суармалы жер қалпына келтірілетін болады (2019 ж. - 20 мың га).

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.