Алматы қаласында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Алматы қаласында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

10-11 қазан күндері сағат 8.00-ден бастап Алматы қаласында Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді. Өтетін орындары: «Астана» алаңы (Төле би көшесі, Абылай хан мен Әйтеке би көшелерінің аралығында), «Алатау» концерт залының жанында (Б.Момышұлы көшесі, Панфилов пен Абылай хан көшелерінің аралығында).

 Жәрмеңкеге облыстың 3 қаласы мен 17 ауданы және «Жетісу» ӘКК қатысады. Онда өңірде шығатын азық-түліктің 48 түрі, атап айтқанда ет, сүт, нан, балық өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек нарықтағыдан төмен бағада саудаланады. Жалпы сомасы 130,3 млн. теңге болатын барлығы 403,2 тонна өнім өткізіледі деп күтілуде.

Жалпы жәрмеңке азық-түлік бағасын ырықтандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілетінін атап өту керек.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі