Әлеуметтік маңызы бар 14 жоба Текелі қаласының ажарын келтіруде

Әлеуметтік маңызы бар 14 жоба Текелі қаласының ажарын келтіруде

Текелі қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінде 8 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Қалған 6 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деп хабарлайды Алматы обллысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бағдарлама аясында қаладағы көше шамдарын ағымдағы жөндеу, Рудничное ауылындағы жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеу, Қора өзенінің жағасына күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдарын орнату, қалалық алаң мен бақылау алаңына флагштоктар орнату, бақылау алаңын абаттандыру, спорттық және әмбебап спорт алаңдарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталды.

Қазіргі уақытта Д. Қонаев көшесі бойымен теміржол өткелінен «Достық» шағын ауданындағы қаланың            кіреберісіне дейінгі көше бойындағы жаяу жүргіншілер өткелдері мен арық жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Әл-Фараби, Дружба, Орақты Батыр, Жансүгіров, Кольцевая, Тәуелсіздік, Уәлиханов, Жеңіс көшелерінде де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, мектепке дейінгі шағын орталығы бар №6 орта мектепті сейсмикалық күшейту арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Осы бағдарлама аясында қарастырылған нысандарда құрылыс жұмыстарын «Жетісу Сервис» ЖШС, «Монолит», «Хан-Тенгри құрылыс», «Golden Citу», «Т-Строй-Проект», «Талдықорған Архитектура», «Элит Строй», «Нұр-Шапағат құрылыс», «Нұрғазы құрылыс», «Тау толағай» мердігер мекемелері жүргізуде.

Жалпы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Текелі қаласында 214 жаңа жұмыс орны құрылды.

Алматы обллысы әкімінің баспасөз қызметі