Талдықорғанда тазалық акция аясында шамамен 600 текше метр қоқыс жиналды

Талдықорғанда тазалық акция аясында  шамамен 600 текше метр қоқыс жиналды

Дүниежүзілік тазалық күні аясында Алматы облысында «Дүниежүзілік тазарту күні» республикалық экологиялық акциясы өтті. Оған 1500 мыңнан астам Талдықорған қаласының тұрғындары қатысты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірнеше сағат ішінде қалада 600 текше метрден астам түрлі қалдықтар шығарылды. Ең бірінші тұрмыстық және құрылыс қалдықтары жиналды. Акция аясында қоқыстарды жинау, қураған ағаштарды кесу, көгалдандыру жұмыстары бүкіл облыс орталығында жүргізілді. Акцияның нәтижесінде оннан астам ірі стихиялы қоқыстар жойылды. Жансүгіров көшесінің бойына қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар отырғызылған жаңа аллея салынды.

Аталған  экологиялық тазалық акциясы облыстың барлық аудандары мен қалаларында жүргізілді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі