Психикалық денсаулық денсаулықтың ажырамас және маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Психикалық денсаулық – адамның өз қабілеттерін жүзеге асыра алатын, өмірдегі қалыпты күйзелістерге төтеп бере алатын, өнімді еңбек ететін және өз қоғамына үлес қоса алатын әл-ауқат жағдайы. Бұл оң мағынада психикалық денсаулық адамның әл-ауқаты мен қауымдастықтардың тиімді жұмыс істеуінің негізі болып табылады.
Денсаулық психологиясы мәселелерінің өзектілігі жүйке жүйесіне, адам психикасына жүктеменің қазіргі заманғы өсуімен байланысты. Ақпараттық қысым, өмір ырғағының үдеуі, тұлғааралық қарым-қатынастың жағымсыз динамикасы – мұның бәрі әртүрлі аурулардың даму факторларының бірі ретінде эмоционалдық күйзелісті қалыптастырады. Белгісіздік жағдайында өмір психикалық және психосоматикалық патологияны тудырады.
Қазіргі заманда психикалық денсаулық мәселесі пәнаралық мәселе ретінде әрекет етеді және психология, медицина, құндылықтану, педагогика, әлеуметтану және мәдениеттану ғылымдарының қиылысында қарастырылуы керек. Психикалық және физикалық денсаулықты сақтау және нығайту пайдасына қоғамдық оң пікірді қалыптастыру мақсатында жыл сайын Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні (10 қазан) атап өтіледі.
Осылайша, 702 адамды қамтыған 25 оқыту семинары, 1085 адамды қамтыған 16 конференция, 793 адамды қамтыған 14 спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Қоғамдық орындардағы Лэд-экран арқылы стресстің алдын алу бойынша бейне ролик көрсетілді, психикалық денсаулықты қорғау бойынша 42 150 дана үнпарақ мен буклеттер шығарылды.