Ағымдағы жылдың 27 тамыз күні Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айдын Әуесбайұлының 2022 жылға бекітілген кестесі бойынша Қарасай ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу жиналысын өткізді.
Жиналыс барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша түсіндіру жүргізіліп, әлеуметтік желілерде таралған Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Тульбаевтың жұмыс уақытынан тыс кезде орын алған іс әрекетіне қатысты талқылау жүргізілді. Жиналыс соңында барлық жиналысқа қатысушыларға бүгінгі таңда, Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі халықтың мемлекеттік органдарға сеніммен қарайтын, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыратын бейне екені ескертілді.