Есепті кезеңде облыс әкімі аппараты басшылығының атына жеке және заңды тұлғалардан 6995 өтініш келіп түскен, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2020-ға артық (2021 ж. – 4975)
Жалпы өтініштердің 1297-сі жоғары тұрған органдардан түскен, оның ішінде:
ҚР Президенті Әкімшілігінен –1011;
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен – 91;
Министрліктерден – 181;
ҚР Парламентінен – 14.
5987 өтініш Электронды Үкімет порталы арқылы жіберілген, бұл келіп түскен өтініштердің жалпы санының 85,6 %-ін құрайды.
Көтерілген мәселелердің сипаты бойынша ең көбі:
- 2274 (32,5%) – құрылыс, өндірістік, көлік байланысы, тұрғын үй беру және коммуналдық-шаруашылық мәселелері;
- 971 (13,8%) – жер беру және жерді пайдалану;
- 668 (9,5%) – әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері (материалдық және әлеуметтік көмек көрсету,білім беру, денсаулық сақтау);
- 418 (5,9 %) – қаржылық қызмет;
- 227 (3,2%) – мемлекеттік басқару мәселелері (жер және басқа да дауларды шешудегі лауазымды тұлғалардың әрекеті және әрекетсіздігі, лауазымды тұлғалардың үстінен түскен шағымдар, жеке мәселелері бойынша қабылдауға өтініштер);
- 151 (2,2%) – мәдениет мәселелері.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес 2545 өтініш тиісті мемлекеттік органдарға қайта бағытталған, олар 36,4%-ды құрайды.
Өтініштердің көпшілігі Алматы қаласынан, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Іле аудандарынан, олар жалпы өтініштер санының 52,9%-ін құрайды.
Кодекстің 90-бабына сәйкес мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік орган басшысы бекіткен қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалар өкілдерін, соның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдау жүргізулері тиіс.
Жеке қабылдау кезінде облыс басшылығы 314 адамды қабылдады, оның ішінде 56-на қабылдау кезінде түсініктеме берілді, 37 мәселе оң шешімін тапты, 15 құрылымдық бөлімшелерге тапсырма берілді, 206 – орындау барысында.
2022 жылдың 9 айында Алматы облысының әкімі 24 көшпелі жеке қабылдау өткізді, барлық аудан, қала әкімдіктеріне, облыстық басқармаларға хаттамалық тапсырмалар жолданды.
Көшпелі жеке қабылдауда 337 сұрақ қойылды, оның ішінде 260 сұрақ қабылдау кезінде шешілді, 77 сұрақ бойынша облыс әкімі орынбасарларына, аппарат басшысына комиссия құрып, зерделеп, жауап беру тапсырылды.
Барлық мәселелер бақылауға алынды.
Талдау көрсеткендей, өтініштердің көпшілігі облыс орталығынан, Алматы қаласынан және Алматы қаласымен шекаралас халық тығыз қоныстанған өңірлерден түскен. Барлық өтініштер Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес қаралады.
Жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аталған проблемаларды шешу бойынша шаралар қабылдауда.
Мемлекеттік органдардың сайттарында "жиі қойылатын сұрақтар" бөлімі ашылды, онда білім беру гранттарын беру, балабақшаға кезектілік, балаларды мектепке қабылдау, әртүрлі мақсаттарға жер беру тәртібі, тұрғын үй алуға кезекке қою, кезектілікті бақылау, атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік төлемдер тағайындау және табысын жоғалту туралы неғұрлым сұранысқа ие тақырыптарға жауаптар орналастырылған. Ай сайын мәліметтер жаңартылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмыстың жаңа форматына көшу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өтініште қойылған мәселені барынша шешу немесе қолданыстағы заңнама шеңберінде нақты және айқын түсіндіру үшін жауаптардың уақтылығын, сапасын қамтамасыз ету және шаралар қабылдау тапсырылды.
Алматы облысының әкімінің әлеуметтік желілерде жеке парақшасы ашылып, осы күнде белсенді жұмысын жүргізуде.
Сондай-ақ,халықпен кері байланысты орнату мақсатында «Facebook», «Instagram», «Twitter», «Вконтакте», «Мой мир» әлеуметтік желілерінде облыс әкімі баспасөз қызметінің ресми парақшалары тиімді жұмысжүргізіп келеді. Оқырмандар мен жазылушылардан келіп түскен өтініштерге, пікірлер мен шағымдарға түсіндірулер мен жауаптар уақытылы беріліп отырады.
Облыс әкімінің жеке парақшалары мен әкімнің баспасөз қызметінің парақшаларына оқырмандар тарапынан көптеген өтініш-тілектер мен арыз-шағымдар келіп түсуде. Олар бойынша тиісті мемлекеттік мекеме мен құзырлы орган басшыларына тұрғындардың атап көрсеткен түйткілді мәселелерінің мән-жайын анықтап, шешімін табу бойынша нақты тапсырмалар берілуде. Пікірлер мен өтініштердің мазмұнына қарай кейбір сұрақтардың жауабын баспасөз қызметінің мамандары өз құзыреті шеңберінде желі қолданушыларына уақыт оздырмай тиісті жауабын беруде.
Облыс әкімі аппаратының ғимаратында қоғамдық қабылдау бөлмесі бар, онда күнделікті келушілермен жұмыс жүргізілуде. Көтерілген мәселелер сипаты бойынша қабылдау жүргізу үшін басқармалардың басшылары, аудан әкімдері, облыс әкімінің бас инспекторлары-өңірлердің жетекшілері шақырылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесі ерекше бақылауда тұр.