Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру мақсатында балабақшаларда, жалпы білім беру мектептерінді, колледждерде, ұйымдасқан топтарда және медициналық ұйымдарда 34 түрлі іс-шаралар (оқу семинарлары, конференциялар, спорттық іс-шаралар) ұйымдастырылып, 1 600-ден астам адам қамтылды. «Психикалық денсаулық», «Жарақаттанудың алдын алу», «Вирусты гепатиттің алдын алу», «Алкогольді тұтынудың алдын алу», «АИТВ/ЖИТС, ЖЖБИ алдын алу», «ЖРВИ, тұмаудың алдын алу» сияқты тақырыптар қамтылған.
Әлеуметтік желілерде, веб-сайттарда 40-тан астам жарияланым шығарылды.