Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының жер қатынастары басқармасының атқарған жұмысы бойынша ақпарат

Алматы облысының жер қоры 10,5 млн. га құрайды (9 аудан және 1 облыстық маңызы бар қала).

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 4,2 млн.га құрайды, оның ішінде егістігі – 457,8 мың гектар, оның суарылмалысы – 239,6 мың   гектар, көп жылдық екпелер – 18,8 мың  гектар, тыңайған жерлер – 55,3 мың  гектар, шабындық – 63,1 мың  гектар, жайылым – 3,5 млн. гектарды құрайды.

Облыста шаруашылық субъектілерінің саны 41 150 құрайды (оның ішінде шаруа қожалықтары – 39 836, АҚ, ЖШС – 1119, өндірістік кооперативтер – 108, ҒЗИ, мекемелер және оқу орындары – 27, басқа қосалқы кәсіпорындар – 17, басқа мемлекеттік кәсіпорындар - 43).

Елді мекен жері – 0,3 млн. га.

Өнеркәсіп мақсатындағы жерлер – 0,1 млн. га.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi – 1,0 млн. га.

Орман қорының жері – 2,2 млн. га.

Су қорының жері – 0,2 млн. га

Босалқы жері – 2,5 млн. га.

 

Жайылымдық жерлерге қолжетімділігін арттыру бойынша

Облыста елді мекен халқының жайылымдықтар жетіспеуіне байланысты жайылымдық жерлерге қолжетімділігін арттыру бойынша жергілікті атқарушы органдармен бар жерлерінен 195,3 мың га алаңда жұмыс істеп тұрған қоғамдық жайылымдарға қосымша 331,1 мың га жайылым бекітілді.

Атап айтқанда, Балқаш - 62,0 мың га, Жамбыл - 12,5 мың га, Еңбекшіқазақ – 122,7  мың га, Іле - 4,3 мың га, Қарасай - 4,2 мың га, Кеген - 54,5 мың га, Райымбек - 20,6 мың га, Ұйғыр аудандары - 4 9,7 мың га және Қонаев - 0,6 мың га.

Бүгінгі таңда, ауыл тұрғындардың малын жаю үшін барлығы 526,4 мың га жайылымдық алқап бекітілген.

Облыстың 7 ауданында жалпы көлемі 78,2 мың га жайылымдық жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою жұмыстары жүргізілуде. Балқаш, Ұйғыр ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша қолда бар жайылым алаңы халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандырады.

Босалқы жер қорында азаматтарға шаруа қожалығын жүргізу үшін берілетін 1,1 млн.га жайылым бар.

Конкурстар, аукциондарды өткізу және ұйымдастыру бойынша

Ауыл шаруашылығындағы жерлерге ағымдағы жылы  көлемі 76,9 мың га, оның ішінде 1,5 мың га суармалы егістік, 0,9 мың га тәлімді егістік, 74,5 мың га жайылымдық жер учаскелерге  конкурс ұйымдастыру жоспарланған.

 

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру мәселесі бойынша

 

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап egov.kz электрондық үкімет порталында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекке қою қызметі (10 сотық жер) іске қосылды.

Ағымдағы жылдың наурыз айы жағдайы бойынша Алматы облысы аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру кезегі 109 964 адамды құрады.

Кезекте тұрғандардың барынша көп саны облыстың Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, Талғар сияқты Алматы қала маңы аудандарында байқалады.

Электрондық үкімет порталында кезекке қою қызметы арқылы бүгінгі күні облыс бойынша жалпы                              1,1 млн. өтініш тіркелген. Өтініштер саны 2 айда 10 есе өсті.

Облыс бойынша 2022 жылға инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген және дайындалған көлемі 212,68 га жер учаскелерінің саны 2445 құрайды.  Аталған жер учаскелері кезек тәртібімен берілетін болады.

Облыс бойынша 2022 жылы жеке тұрғын үй құрылысына жалпы көлемі 10,93 га болатын 131 жер учаскесі берілді.

Халықтың мұқтажын жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерімен қанағаттандыру мақсатында 2022 жылы инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу және алаңдарды дайындау үшін 1,94 млрд. теңге көзделген (оның ішінде: Жамбыл ауданы –  378,5 млн. теңге, Еңбекшіқазақ ауданы – 1,56 млрд. теңге)

 

 Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін электрондық форматқа көшіру бойынша

2015 жылы облыста жер ресурстарының кешенді электрондық картасы әзірленді. Аталған картаға облыстың ауыл шаруашылығы алқаптары, пайдаланылмайтын жерлер, берілген нұсқамалар, ирригациялық желілер, облыс орталығынан қашық орналасқан жері көрсетілген облыстың туристік объектілері, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобалар енгізілді.

Қазіргі уақытта Өңірлік геоақпараттық жүйе (бұдан әрі - геопортал) құрылды, онда барлық қолданыстағы салалық дерекқорлар мен кадастрлар біріктірілген.

Бұл ретте, 2015 жылғы электрондық картаның деректері электрондық үкімет процестерін автоматтандыруды одан әрі жетілдіру және жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін тұғырнама болып табылды.

Геопортал көрсетілетін қызметті алушымен де, көрсетілетін қызметті берушімен де электрондық үкімет порталының өзара іс-қимылын жүзеге асыратын бірыңғай платформа болып табылады.

Жер қатынастары басқармасы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары, ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесіп кешенді картаны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізді. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін өтініштерді қабылдаудан бастап жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруге дейін электрондық форматқа толық көшіруді қамтамасыз етті. Бұл ретте, жер учаскелерін беру процестерінің ашықтығы мен бақылануы қамтамасыз етіледі.

Жер қатынастары саласындағы пилоттық жоба ретінде облыстық маңызы бар қалаларда (Талдықорған, Текелі, Қонаев) енгізілетін 10 мемлекеттік қызмет және сәулет және қала құрылысы саласындағы 6 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

2019-2021 жылдары аралығында Қонаев қ., Есік, Қаскелең, Талғар қ., Өтеген батыр, Ұзынағаш ауылдарында 1:500 (3-5 см рұқсатымен) масштабында жоғары сапалы аэрофототүсірілім және топографиялық түсірілім бойынша далалық жұмыстары жүргізілді.

Геопорталға мынадай қабаттар жүктелген: ресімделген және бос жер учаскелері, қалалардың бас жоспарлары және елді мекендердің аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу, тұрғын және тұрғын емес құрылыстар, елді мекендердегі қызыл желілер, санитариялық-қорғау аймақтары, су қорғау аймақтары, коммуникациялармен қамтамасыз ету (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, телекоммуникация желілері).

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталды.

Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерін инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттар беру және ведомствоаралық келісу процестері қосымша автоматтандырылды.

Дата публикации
15 августа 2022
Дата обновления
15 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы