Ағымдағы жылы барлығы 285,8 км жолды жөндеу жоспарлануда.
Жалпы сомасы 24,0 млрд.теңгеге қаражат бөлінді (ҰҚ – дан – 8,0 млрд. теңге; ҰҚК – дан-5,7 млрд. теңге; ЖБ-дан-10,3 млрд. теңге).
Оның ішінде:
* 4,7 км жолды құрылыс және қайта жаңартуға - 9,3 млрд. теңге
* 45,4 км жолды күрделі жөндеуге – 3,4 млрд. теңге;
* 145,8 км автомобиль жолын орташа жөндеуге – 5,6 млрд. теңге;
* 89,9 км автожолдарды ағымдағы жөндеуге, күтіп ұстауға – 5,6 млрд.теңге.
Оның ішінде ірі жобалар:
Саиын, Рысқұлов, Абай және Солтүстік жартылай айналым көшелері Алматы қаласының шекарасынан ҮАААЖ-ға дейін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды, бұл мақсаттарға Ұлттық қордан 8,5 млрд. теңге бөлінді (Саиын көшесі – 2,7 млрд. теңге, Рысқұлов көшесі - 2,0 млрд. теңге, Абай көшесі - 2,0 млрд. теңге, Северное полукольцо көшесі - 1,8 млрд.тг).
2022 жылдың І жарты жылдығының қорытындысына сәйкес 9,2 млрд. теңге игерілді және 160 км а/ж жөнделді, оның ішінде:
- а/ж орташа жөндеу - 1,7 млрд. теңге – 94,6 км;
- а/ж ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау- 2,7 млрд. теңге – 46,9 км;
- а/ж құрылыс және қайта жаңарту - 3,3 млрд. теңге – 0,5 км;
- а/ж күрделі жөндеу - 1,5 млрд. теңге -18 км.
Басқарма тізілімінде 31 тұрақты республикаішілік автобус маршруты бар.
Аталған бағыттарға жеке меншік нысанындағы 8 кәсіпорын, оның ішінде: 2 жеке кәсіпкер және 6 заңды тұлға қызмет көрсетеді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында автомобиль және авиация көлігімен 120,6 млн.жолаушы тасымалданды, жолаушылар айналымы 4574,8 млн.ж.км құрады.
Көрсетілген кезеңде 6 лот бойынша 6 маршрутты қамтитын тұрақты ауданаралық, облысаралық маршруттарға қызмет көрсету құқығына 5 конкурс өткізілді. Көрсетілген конкурстар өтпеген деп танылды.
Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы көлік саласын дамыту мәселелері бойынша, оның ішінде саяжай алаптарын тұрақты қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестерге қатысты, облыстық мәслихаттың жанындағы комиссиясының алдында көлік инфрақұрылымын дамыту жөнінде есеп берді, Алматы агломерациясын дамыту мәселелері бойынша, сондай-ақ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лизинг тетігі арқылы қоғамдық көлікті сатып алу мәселелері бойынша кеңестерге қатысты.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын, сондай-ақ облыста орналасқан саяжай алқаптарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын қарауға қатысты, азаматтардың өтініштерін қарастыру аясында тыңдаулар өткізілді.
Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша www.elicense.kz портал арқылы 35 өтініш келіп түсті, оның ішінде «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» - 25, «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» - 1, «Тасымалдаушының ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырудағы тасымалдаушының залалдарын субсидиялау» – 0, «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» - 9.
Есепті кезеңде басқармада көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.