Жыл сайын Қазақстанда 26 маусымда Халықаралық нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аталып өтеді. Басты міндет – қоғамды біріктіріп, нашақорлыққа қарсы шаралардың тұтас кешенін жүзеге асыру. Олардың барлығы салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың нашақорлық туралы хабардарлығын арттыруға және есірткіден азат қоғам құрудың маңыздылығын түсінуге бағытталған. Ақпараттық науқан баршаны жалған ақпарат пен сенімсіз дереккөздерге қарсы тұру арқылы өз үлесін қосуға шақырады, есірткі туралы тек нақты ғылыми негізделген деректермен бөлісуге және өмірді сақтауға міндеттейді.
Дүние жүзінің көптеген бөліктерінде алдын алу және емдеу әлі де сәтсіздікке ұшырайды, жыл сайын нашақорлықпен ауыратын әрбір жеті адамның біреуі ғана ем алады.
«Салауатты әдеттер марафоны!» атты Ұлттық бағдарлама аясында медициналық ұйымдар 23107 адамды қамтитын 465 іс-шара ұйымдастырды. Оның ішінде, 3927 адамды қамтитын сынып және куратор сағаттары, 455 адамды қамтумен байқаулар, 135 адамды қамтумен дөңгелек үстелдер, 215 адам қамтылған флешмобтар, 105 адам қамтылған конференциялар, 6872 адам қамтылған ашық есік күндері, 7924 адам қамтылған оқыту семинарлары, 3479 адам қамтылған спорттық іс-шаралар. Соның ішінде, Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі 236 адамды қамтитын семинар-тренингтер, 149 адамды қамтитын конференциялар және 158 адамды қамтитын спорттық іс-шаралар өткізді.