Меню

Страницы

Статья

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде қалалық, сондай-ақ ұялы телефондардан тегін қоңырау шалу үшін қысқа нөмір іске қосылды

Азаматтар Агенттікке қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қаржы және микроқаржы ұйымдарымен, коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл, сондай-ақ бұрын жіберілген өтініштердің мәртебесін нақтылау мәселелері бойынша консультациялар алу үшін «1459» нөмірі бойынша жүгіне алады.

Естеріңізге сала кетейік, Агенттік 2021 жылы халыққа қаржы реттеушісінің қызметі жөніндегі ақпараттың қолжетімділігі мен толықтығын арттыру мақсатында call-орталықты іске қосты. Сондай-ақ call-орталықтың бұрынғы нөмірі: +7 (727) 237 1000 жұмысын жалғастыруда (дүйсенбі-жұма, 09.00 - 17.00 сағат аралығында).

Агенттік халықпен жедел өзара іс-әрекеттесуі үшін 2020 жылдан бастап тағы бір кері байланыс арнасын – «Fingramota Online» мобильді қосымшасын әзірледі және енгізді, онда сіз 24/7 режимінде қаржы өнімдері мен көрсетілетін қызметтерді пайдалану талаптарына, Агенттіктің реттеу аясына кіретін ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібіне қатысты, сондай-ақ алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл тақырыбы жөнінде сұрақтар қоя аласыз.

Агенттіктің call-орталығы және «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы сіз сондай-ақ, қаржы пирамидалары туралы хабарлай аласыз – сіздің ақпаратыңыз талдау және тексеру жүргізілгеннен кейін құқық қорғау органдарына берілетін болады.

 

«Fingramota Online» мобильді қосымшасын App Store және Play Market-тен мынадай сілтемелер бойынша жүктеп алуға болады:

App Stor-де: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211;

Play Market-те:

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals.

Сондай-ақ, мобильді қосымшаның http://online.fingramota.kz/ru веб-нұсқасы қол жетімді.  

 

 

Дата публикации
19 июля 2022
Дата обновления
19 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы