Иммундау жөніндегі міндеттемені, иммунопрофилактикаға сенімді қатынасты қалыптастыру, халықты ақпараттандыру сапасын арттыру, вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың алдын алу, вакцинациядан бас тартумен байланысты қауіптер мен зардаптарға қоғамның назарын аудару, өмір сүру ұзақтығын арттыру мақсатында «Вакциналар: ұзақ және әл-ауқатты өмір сүруге ұмтылыс» атты Ұлттық бағдарлама өткізілді.
Бағдарлама аясында медициналық ұйымдар 24113 адамды қамтитын 574 іс-шара ұйымдастырды. Оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 85 адамды қамтумен тақырыптық сағаттар, 25 адамды қамтумен ата-аналар жиналысы, 15121 адамды қамтитын сынып және куратор сағаттары, 158 адамды қамтумен байқаулар, 10 адамды қамтумен дөңгелек үстелдер, 535 адам қамтылған флешмобтар, 160 адам қамтылған конференциялар, 7424 адам қамтылған ашық есік күндері, 86 адам қамтылған оқыту семинарлары, 509 адам қамтылған спорттық іс-шаралар. Соның ішінде, Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі 77 адамды қамтитын семинар-тренингтер, 404 адамды қамтитын конференциялар және 67 адамды қамтитын спорттық іс-шаралар өткізді.