Салық және кеден төлеушілерге мемлекеттік кірістер органдары салық және кеден міндеттемелерінің басталуы, орындалyы және аяқталуы бойынша туындайтын сұрақтарды семинар, жиналыс, Интернет-конференция өткізу, шолу және түсіндіру хаттарын дайындау, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу және жариялымдар арқылы жүзеге асырады.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және оның аумақтық бөлімшелері бұқаралық-түсіндіру жұмысы туралы 2022 жылдың 6 айында келесі жұмыстар атқарылды.
Жыл басынан түсіндірме сипатындағы 6877 іс-шара өткізілді. Оның ішінде:
– республикалық және аймақтық газеттерде 90 мақала жарияланған.
– alm.kgd.gov.kz департаментінің ресми сайтында және Facebook, Twitter, VK, Инстаграмм әлеуметтік желілер аккаунттарында және аудандар әкімдерінің ресми сайттарында 6534 ақпараттық материал орналастырылған, оның ішінде ақпараттық агенттіктердің сайттарында – 76 мақала ("Zakon KZ", "Тенгри Ньюс", "НУР.KZ", "Ақпарат Инфо", «Деловой Казахстан»);
– республикалық және жергілікті теледидар бойынша ("Қазақстан" ТРК, "Атамекен", "Хабар", "24 КZ", "КТК", "Алматы ТВ" және "Жетісу" ТРК) - 18 сөз сөйлеу түсірілді;
– "Жетісу" ТРК және "ЕсКаТел" ТД жергілікті теледидар бойынша 112 хабарлама жүгіртпе жолға орналастырылды;
– радио арқылы 123 хабарлама болды;
Сонымен қатар 759 түсіндіру іс–шаралары, оның ішінде 709 семинарлар, 8 брифингтер, 27 дөңгелек үстелдер, 15 «Ашық есік күндері» өткізілді.
Ұлттық телеарналарда 130 бағдарламалар түсірілімі жүргізілді, оның ішінде республикалық телеарналар бойынша – 18 және 112 жергілікті арналарда хабарлама жүгіртпе жолға орналастырылды. Мысалы, «Хабар», «24 KZ», «КТК», «Алматы ТВ», «СТВ» республикалық телеканалдарында және жергілікті «Жетісу» ТК салық және кеден заңнамасындағы өзгерістері бойынша, жаңалықтар мен басқа да арнайы бағдарламаларда үнемі түсіндіріліп отырады.
"Азаматтық бақылау-Чекті талап ет", "Көзбен шолып қарау" пилоттық жобаларын іске асыру, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) енгізу, жалпыға бірдей декларациялауды енгізу, "e-Salyq Azamat", "e-Salyq Business" мобильді қосымшасы, темекі өнімдеріне цифрлық таңбалау, чат бот SalyqBot, онлайн-БКМ қолдану және басқа да цифрлық инновациялар туралы материалдар тұрақты негізде жарияланады.
Салық және кеден заңнамасының нормаларын тұрақты негізде түсіндіру бойынша жұмыс аясында Алматы облысындағы МКД қызметкерлері Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы өткізетін Бухгалтерлер клубының отырыстарына және түрлі семинарларға қатысады. Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Өзара әрекеттестік аясында ай сайын Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында «Салық сағаты» өткізіледі, онда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық салу мәселелері бойынша кәсіпкерлерге кеңес береді.