Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Қонаев қаласының 52 жылдығына орай құттықтауы

Құрметті Алматы облысының тұғындары, қадірменді Қонаевтықтар!

Қонаев қаласының тұрғындары үшін 9 шілде мерекелі күндердің бірі. Өйткені, дәлі осы күні Іле өзені жағалауындағы шағын елді мекенге Қапшағай атауы беріліп, маңызы зор жаңа қаланың іргетасы бекіді.

1970 жылдың 9 шілдесінде ҚазКСР Жоғары Кеңесі Президиуымының Жарлығымен негізінен балықшылар тұратын Илийск қалалық кенті облыстық бағыныстағы Қапшағай қаласы деп аталды. Арада жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, қаланың әлеуметтік-экономикалық, стратегиялық маңызы еш кеміген жоқ.

Ресми Жарлық шыққаннан кейін қаланың жаңа тынысы ашылды. Қапшағай су қоймасы, су электр стансысы, шыны фарфор зауыты, туристік орталықтар, басқа да маңызды нысандар бой көтеріп, танымал қаланың біріне айналды.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында Қапшағай қаласына қатысты тағы бір тарихи өзгеріс енгізілді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қапшағайға ұлы тұлға, аңыз адам Дінмұхамед Қонаевтың есімі беріліп, тұрғындар қуанышы еселенді.

2022 жылдың 8 маусымынан бастап Қонаев қаласы Алматы облысының орталығы ретінде ары қарай дамудың даңғыл жолына түсті. Алда атқарылар жұмыс ауқымды, міндет зор.

Қонаев қаласын дамыту, тынысын ашып, жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдалану - біздің буынға жүктелген ұлы міндеттің бірі.

Қонаев тұрғындарын 9 шілде - қаламыздың құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ел іргесі берік, заманымыз тыныш, болашағымыз баянды болсын!

Дата публикации
09 июля 2022
Дата обновления
09 июля 2022
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы