Меню

Страницы

Статья

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Облыста өнеркәсіп саласында барлығы 1600-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде ірі - 29, орта - 69, қалған 1579-ы шағын кәсіпорындар. Өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің саны - 80 мыңнан астам адам, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтіндердің саны - шамамен 60 мың адам.

2022 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп көлемі 388,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңнен 70 млрд. теңгеге артық (318,2 млрд. теңге), НКИ - 106,5% (ҚР бойынша НКИ - 105,8%).

2022 жылдың жоспары - 1 520 млрд. теңге, НКИ - 102,5%.

Өңдеу өнеркәсібінде 338,1 млрд. теңге өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 62,7 млрд. теңгені құрайды (275,4 млрд. теңге), НКИ - 107,3% (ҚР бойынша НКИ - 106,5%).

2022 жылдың жоспары – 1 320 млрд. теңге, НКИ - 102,9%.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 3 нысан іске қосылды, 1 объектіде – кеңейту, 234 жұмыс орны құрылды.

Экспорттық әлеуетті дамыту

Алматы облысында 40-тан астам тауар өндіруші экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асырады. Экспорт бойынша негізгі сауда әріптестері Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан, Қытай болып табылады.

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары республикадағы, алыс және жақын шетелдердегі түрлі халықаралық көрмелерге белсенді қатысады.

2021 жылғы қаңтар–желтоқсанда экспорт көлемі 451,9 млн, АҚШ долларын құрады (2020 жылғы кезеңге 177,1% және 2018 жылға 163,3%). 2021 жылға жоспар - 391,7 млн.

2021 жылы 11 кәсіпорын 605,6 млн. теңге сомаға («Интеллсервис» ЖШС, «Хамле Компани», «Юнилюкс», «Қайнар АКБ», «Метакон», «Келун Казфарм» және т. б.) шығындарды өтетті.

 

Қарапайым заттар экономикасы

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жалпы сомасы 163,7 млрд. теңгеге 285 жоба пысықталуда, оның ішінде:

135,2 млрд. теңгеге 220 жоба бойынша ЕДБ мен АКК мақұлдау алды;

21,3 млрд. теңгеге 16 жоба екінші деңгейлі банктердің қарауында жатыр.

Қалған 52 жоба пысықталуда.

Кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасы (ИИДМБ 3)

Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (3-бесжылдық) шеңберінде 2020 жылы 2 818 жұмыс орнын құра отырып, 128,7 млрд. теңге сомасына 20 жоғары технологиялық және инновациялық жоба іске асырылды (жобалар тізімі 1-қосымшада).

2021 жылы кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасы шеңберінде 78,2 млрд. теңге сомасына, 963 астам жұмыс орнын құрумен 9 жоба іске асырылды («Pure Pack» ЖШС (Райымбек Агро) алкогольсіз сусындар шығаратын зауыттың құрылысы, «Шин Лайн» ЖШС балмұздақ өндіретін зауыттың құрылысы, «Якар» ЖШС кондитерлік өнімдер өндірісінің қосымша желісінің құрылысы, «Pure Pack» ЖШС импорттық газ плиталарын құрастыратын зауыттың құрылысы). «Турмыстық ТЕХНИКА ЗАВОД» (БОШЕР ХОЛДИНГ) және т.б.).      

Инвестициялар

2022 жылға арналған негізгі капиталға инвестициялар бойынша жоспар – 814,2 млрд.теңгені, НКИ – 106,5% (дефлятор 105%) құрайды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 96,9 млрд. теңгені құрады (2021 ж. – 85,7 млрд. тг.), НКИ - 106,4% (ҚР 101,5%).

2021 жылы жалпы сомасы 46 млрд. теңгеге, 1,8 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 45 инвестициялық жоба іске асырылды.

Жалпы, бүгінгі таңда Алматы облысының инвестициялық қоржыны 2021 жылдан бастап 2030 жылға дейінгі кезеңге 15,7 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 2 073 млрд. теңге сомасына іске асырудың әртүрлі сатысындағы 324 жобаны қамтиды (ҚМЖ жүргізілуде, жер учаскелері ресімделді, жобалық құжаттама әзірленді, қаржыландыру расталды).

Оның ішінде:

- шетелдік инвесторлардың қатысуымен - 1 126,2 млрд. теңгеге 22 жоба., 4 500–ден астам жұмыс орнын құрумен, оның ішінде ТҰК қатысуымен-108,5 млрд. теңгеге 5 жоба, 1000-нан астам жұмыс орындарын құрумен;

- ЖЭК саласында - 214,8 млрд. теңгеге 13 жоба 441-ден астам жұмыс орнын құрумен;

– өзге жобалар - 826,8 млрд. теңгеге 289. 10 707 жұмыс орнын құрумен.

Ағымдағы жылы облыста 4 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 252 млрд.теңгеге 111 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Облыста инвесторларды тарту және сүйемелдеу бойынша кешенді жүйе құрылған.

Инвестицияларды тарту, халықаралық қатынастарды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізу үшін 2019 жылы Алматы қаласында (ҚР Қаржы және инвестициялық орталығы) "front-office" орталығы, сондай – ақ Талдықорған қаласында "follow up" қағидаты бойынша сүйемелдеу үшін "back-office" жұмыс істейді.

2021 жылы 167 (Талдықорған қ. кеңсесінде 37 және Алматы қ. 130) кездесу ұйымдастырылып, 635-тен астам өтініш өңделді, "Наурыз Агро" ЖШС (Айтас) (2-кезек асыл тұқымды құс репродукторының құрылысы, жобаның құны 12,4 млрд. теңге), швейцарлық "Наурыз Агро" компаниясы (Айтас) сияқты ірі компаниялармен 13 жұмыс кеңесі өткізілді. КС Дженетиксвизерлэнд (Suisag компаниясының швейцариялық технологиясы негізінде селекциялық-гибридтік орталық (кГц) құру, жобаның құны 17,0 млн. еуро) және басқалар.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап инвестициялар тарту бойынша жұмыс шеңберінде 2 420 жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 367,2 млрд. теңгеге инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша «Airba FF», «ASMA Industrial», «SUNLIGHT INVESTMENTS», «Alina Group» сияқты ірі компаниялармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Осы жобаларды іске асыру аймақтың әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсартады.

 

САУДА

2021 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 625,4 млрд. теңгені құрайды, НКИ – 100,9%.    2021 жылға жоспар 612 млрд. теңгені құрады, НКИ - 100,3%.

2022 жылға жоспар – 659,7 млрд. теңге, НКИ - 100,6%.

2022 жылғы қаңтар-ақпанда тауар айналымы - 71,9 млн. теңгені құрады. өткен жылмен салыстырғанда 14,3%-ға жоғары.

2022 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша облыста 16223 сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары жұмыс істейді, оның ішінде 9800 дүкен 2134 қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, 4206 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері, 84 базарда 73,4 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Облыста 84 сауда базарлары жұмыс істейді, оның ішінде мамандануы бойынша жіктеледі: әмбебап - 59, мамандандырылған - 25, жалпы ауданы 1317,9 мың шаршы метр, оның ішінде жабық - 13. Облыс базарларындағы барлық сауда орындары – 21112 құрайды. 84 базардан стационарлық - 51, стационарлық емес - 33.

Талдықорған қаласында қызмет түрі бойынша 5 базар жұмыс істейді, олар стационарлық болып табылады. Мамандандыру бойынша: әмбебап - 3, мамандандырылған - 2 (азық-түлік), меншік нысаны бойынша: жеке - 4, коммуналдық - 1.

Бүгінгі таңда 84 базардың 2-інде жаңғырту жұмыстары жүргізілді (Сарқан және Жамбыл аудандары). Биыл 4 базарды жаңғырту жоспарланған (Көксу ауданы - 1, Қаратал ауданы - 1, Қарасай ауданы - 2, Алакөл ауданы-1).

Қазіргі уақытта Алматы облысының Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында жол бойы сервисінің 264 объектісі бар.

Оның ішінде 193 объект (73%) ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді: - А санаты – 3 объект; - В санаты – 4 объект; - С санаты – 93 объект; - D санаты – 93 объект.

71 нысан (27%) ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейді.

Ағымдағы жылы облыста жол бойы сервисінің 4 жаңа объектісі салынды:

- «Алматы-Шелек – Хоргос» а/ж 125 км екі жағынан-d санатының 2 объектісі (жайлы дәретханалары бар АЖС);

- «Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал – Қорғас» а/ж оң жақтағы 131 км және сол жақтағы 165-С санатындағы 2 нысан (жайлы дәретханасы бар Кафе).

 

КӘСІПКЕРЛІК

Алматы облысында 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша шағын және орта бизнестің 132 495 субъектісі жұмыс істейді, бұл 2021 жылғы деңгейден 8,3%-ға жоғары. 2022 жылға жоспар 1,7% өсіммен 131 943 бірлікті құрайды (2021 жыл 123,2 мың бірлік).

Шағын және орта бизнес секторында 2021 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 273,3 мың адам жұмыспен қамтылды, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 4,4%-ды құрайды. 2021 жылдың соңына дейін күтілетін көрсеткіш 275,5 мың адамды құрайды. 2022 жылға арналған болжам 277,4 мың адам

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнім шығару көлемі 1 797,0 млрд.теңгені құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 48,4%-ға өсті (1125,3 млрд. теңге). 2021 жылға арналған болжам 1961,0 млрд. теңге. 2022 жылға арналған жоспар 2019,6 млрд. теңге.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құны 1062,6 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінен 332,1 млн. теңгеге (2020 жыл 730,5 млн. теңге) жоғары. ЖӨӨ құрылымындағы ШОБ үлесі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,8%-дан 36,7%-ға дейін өсті.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ субъектілерінен бюджетке 212,3 млрд. теңге түсті, бұл өткен жылғы деңгейден 1,7 есе жоғары (2020 жылы - 124,2 млрд. теңге). 2022 жылға арналған болжам 216,6 млрд. теңге.

Бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингіне сәйкес облыс кәсіпкерлік қызмет үшін жағдай жасау бойынша үздік өңірлердің төрттігіне кірді (2019 жылғы нәтижелер).

Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік орталығы жұмыс істейді, оның базасында «Open space»форматында «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаларға қолдау көрсететін және оларды сүйемелдейтін барлық кәсіпкерлікті дамыту институттары мен ұйымдар шоғырланған.

«Атамекен» өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы базасында  18 кәсіпкерлерді қолдау орталығы жұмыс істейді. Онда шағын және орта бизнеске қаржылық емес қолдау көрсетіледі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың қызмет пен кеңес көрсетілді.

Мемлекет кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетеді және бизнесті табысты жүргізу үшін барлық жағдайды жасайды.

Мәселен, «Бизнестің жол картасы – 2025», «Еңбек», «жұмыспен қамтудың жол картасы – 2021» және «Жетісу» өңірлік бағдарламалары бойынша 2021 жылға 21 млрд. теңге бөлінді.

Осының есебінен 2021 жылы 5000 ашылатын және 7000-нан астам жұмыс орны сақталатын 2000-нан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетілді.

БЖК 2025 аясында 2021 жылға 18,8 млрд. теңге бөлінді.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға - 10,7 млрд. теңге бөлінді, 01.01.2022 жылғы жағдай бойынша 100% игеру, 129,4 млрд. теңге кредиттік сомаға 1208 жоба мақұлданды, 1612 жаңа жұмыс орны құрылды;

ішінара кепілдендіруге 2,7 млрд. теңге бөлінді. 26.11.2021 жылғы жағдай бойынша 100% игеру, 13,2 млрд. теңге кепілдік сомасына 963 жоба мақұлданды, 1108 жұмыс орны құрылды;

гранттар беруге – 392,5 млн. теңге бөлінді. 255 жоба мақұлданды, 591 жұмыс орны құрылды.

инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге - 15 жоба бойынша  5,0 млрд. теңге бөлінді, 1812 жұмыс орны құрылды.

БЖК 2025 аясында 2022 жылға 2,0 млрд. теңге бөлінді. 230-дан астам (ҰАТ бойынша) қаржыландыру жоспарлануда. Жоба бойынша 148 жоба) 345 жаңа жұмыс орнын құрумен жобалар.

«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша «микрокредит беруді кеңейту, кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру» міндеттерін іске асыруға 2021 жылға қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруге 239,2 млн. теңге бөлінді.

Қалаларда 239,2 млн. теңге сомасына 22 адам шағын несие алды. Қазіргі уақытта 25 жұмыс орны құрылды.

«Еңбек» бағдарламасы аясында 2022 жылға ақшалай қаражат бөлу жоспарланбаған.

«Жетісу» шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың өңірлік бағдарламасы аясында 2021 жылы 413 жұмыс орнын құрумен  1 000,0 млн. теңге сомасына 21 жоба мақұлданды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік бағдарламалар аясында несие алудың қолжетімділігін арттыру және «Бизнес Бастау» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (шағын несие берудің) қолжетімділігін арттыру үшін «Атамекен» ӨКП-мен бірлесіп, жеңілдетілген шағын несие беру бойынша «Atameken Zhetysu» шағын қаржы ұйымы» ЖШС құрылды.

Бүгінгі таңда МҚҰ-ға жалпы сомасы 2,0 млрд. теңгеге шамамен 448 адам жүгінді.

01.01.2022 ж. жағдай бойынша 146 жоба бойынша 236,0 млн. теңге сомасына шағын кредит берілді, 14,5 млн. теңге сомасына  3 өтінім және құжаттарды жинау сатысында шамамен 1850,0 млн. теңге сомасына 150 жоба мақұлданды.

Дата публикации
02 мая 2022
Дата обновления
02 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы