Алматы облысында білім беру объектілерінің барлығы - 1560, оның ішінде 444 жалпы білім беретін мектеп (21 жекеменшік мектептің ішінде), 1001 мектепке дейінгі мекеме (оның ішінде 798 жеке меншік), 44 колледж (оның ішінде 22 жеке меншік), 24 қосымша білім беру, 4 балалар үйі, 8 ОПМПК, 13 ППТК, 3 арнайы мектеп-интернат, Кешкі-ауысымдық бөлімшесі бар 6 мектеп (оның 4-і түзеу мекемелерінде), 12 Оқу-өндірістік комбинаттар, 1 КТБО.
Білім беру саласының 2022 жылға арналған бюджеті
2022 жылғы бекітілген бюджет бойынша білім беру ұйымдарын ұстауға 274,7 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде еңбекақы төлеу қоры 198,8 млрд. теңгені немесе барлық бюджеттің 72,4% - ын құрайды.
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту
Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға 2022 жылы 1 млрд 912 млн теңге бөлінді,
оның ішінде: - білім беру ұйымдарына компьютерлік техника сатып алуға жергілікті бюджеттен-113,4 млн. теңге бөлінді,
-білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жарақтандыру 509,2 млн. теңге,
- пән кабинеттерін сатып алуға 1 млрд 063 млн теңге,
- білім беру ұйымдары интернаттарының материалдық-техникалық базасын жарақтандыру 226,5 млн.теңге.
Сондай-ақ оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 2 млрд 693 млн теңге бөлінді. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға барлығы 4 млрд 605 млн теңге бөлінді.
Облыста жалпы білім беретін мектептердің бухгалтерлік есебін жүргізуді автоматтандыру және "бұлтты бухгалтерияға" көшу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 аудандық, қалалық білім бөлімдерінің (Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Талғар және Қапшағай қ.) орталықтандырылған бухгалтериялары пилоттық режимде 1С бухгалтерияға ауыстырылды. Пилоттық режимнің оң қорытындысы бойынша қалған 5 Аудан, білім бөлімдері "бұлтты бухгалтерияға"ауысатын болады.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап облыстың толық жинақталған 30 Қалалық мектебі жан басына шаққандағы норматив бойынша қаржыландыруға көшті.