Меню

Страницы

Статья

Табиғи ресурстар

Қазақстанның табиғи ресурстары бай және алуан түрлі.  Ел мұнай мен минералды өндіру бойынша әлемдік нарықта бәсекелестік туғызады. Республиканың орман және су ресурстары пайдалы қазбалармен салыстырғанда аз санды құрайды.

Алматы облысының мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 2,2 млн. га, оның ішінде орманмен қамтылған жерлер 1,2 млн. га.

Мемлекеттік орман қорының ормандарын күзетуді, қорғауды, орман пайдалануды және молықтыруды орман шаруашылығының 7 коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

Аңшылық шаруашылықтары мен су қоймаларының резервтік қорындағы жануарлар дүниесін қорғауды «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызметі» КММ қамтамасыз етеді.

Алматы облысының фаунасы бай және алуан түрлі. Бізге бағынышты аумақта марал, сібір козерогы, елік, қабан сияқты тұяқтылардың түрлері мекендейді. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың жойылып бара жатқан түрлерінен арқар, қарақұйрық, сілеусін, қар барысы, тянь-Шань қоңыр аюы және басқалары мекендейді. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері ҚР Зоология институты әзірлеген әдістемеге сәйкес ведомстволық бағынысты резервтік аумақтағы жабайы жануарлардың есебін жыл сайын жүргізеді.

Облысқа Балқаш көлінің акваториясының едәуір бөлігі кіреді, сонымен қатар Іле өзенінің атырауының 19 көл жүйесі, Қапшағай, Бартоғай, Қүрті су қоймалары және т.б. көптеген жергілікті су айдындары  бар.  Облыс су айдындарында  сазан, дөнмандай, ақ амур, жайын, ақ марқа, көксерке, берш, жыланбас,  қаракөз,  табан, мөңке, алабұға мекендейді  тау өзендерінде форель, осман және басқа балық түрлері кездеседі.  Қызыл кітапқа енгендерден Іле маринкасы, балқаш алабұғасы, шип және т.б. мекендейді.

 

Дата публикации
20 ноября 2019
Дата обновления
20 ноября 2019
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы