Өнеркәсіпте 762,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі – 104,5% құрады.
Тау-кен өндірісі және карьерлерлерді қазу жалпы өндіріс көлемінің 1,3% құрайды, есепті кезеңде 10,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 87,1% құрап, 664,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.
Электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауамен баптау саласы облыстың жалпы өндіріс көлемінің 10,6% құрайды (80,9 млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау сәйкесінше – 0,9% және 6,9 млрд. теңге құрады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 718,1 млрд. теңге құрады, нақты көлем индексі 102,6%.
280,6 мың тонна (тірі салмақпен) мал және құс еті өндірілді (2018 жылғы сәйкес кезеңге 104,7%), тиісінше сүт – 685,7 мың тонна (105,4%), жүн 8,5 мың тонн (100%).
Мал басының саны мынадай көрсеткіштерге ие болды: мүйізді ірі қара – 1 105,7 мың бас (2018 жылғы сәйкес кезеңге 102,8%), қой мен ешкі – 4 020,2 мың бас (100,8%), жылқы – 343,4 мың бас (105,4%), құс – 10 960,8 мың бас (120,2%).
Жинау жұмыстары аяқталуда. Дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталуда 1391,7 мың тонна дәнді дақылдар (30,8 ц/га) бастырылды, оның ішінде 519,5 мың тонна жүгері (67,5 ц/га), 45,8 мың тонна күріш (43,3 ц/га). Қант қызылшасын жинау жұмыстары аяқталып келеді 512,8 мың тонна жиналды (390,5 ц/га) және майлы дақылдар 302,6 мың тонна (18,2 ц/га).
Картоп жинау толық аяқталды 758,9 мың тонна жиналды (192,5 ц/га), көкөніс пен бақша өнімдері 998,3 мың тонна көкөніс жиналды (314,5 ц/га), 120,1 мың тонна бақша өнімдері (255,7 ц/га), 128,6 мың тонна жеміс-жидек (77,6 ц/га).
109,7 мың га күздік дәнді дақылдар егілді (102%), 204,1 мың га сүдігер жыртылды (100%).
Барлығы 5,2 млн. тонна мал азығы дайындалды (шөп-2770 мың тонна, шөп – 501 мың тонна, сабан – 625 мың тонна, жем – шөп-627,3 мың тонна, сүрлем 667,7 мың тонна). 229,9 мың тонна астық құйылды немесе қажетті астықтың 98,6%.
НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР
2019 жылғы қаңтар-қазанда 444,2 млрд. теңге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі 100,5% құрады.
Инвестициялардың негізгі көлемі – 289,6 млрд.теңге немесе 65,2% кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаты есебінен игерілді. Республикалық бюджеттен 18,2 млрд. теңге немесе 4,1%, жергілікті бюджеттен 74,6 млрд. теңге немесе 16,8%, банктердің несиелері 14,9 млрд. теңге немесе 3,4%, басқа қарыз қаражаты – 46,9 млрд. теңге немесе 10,5% құрады.
БЮДЖЕТ
2019 жылдың 1 қарашасына мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер
402,4 млрд. теңгені құрап, болжам 101,3% орындалды.
Республикалық бюджетке – 225,1 млрд. теңге түсті немесе болжам 100,7% орындалды, жергілікті бюджетке – 177,3 млрд. теңге (102,0%).
Бюджет кірістерінің негізгі көздері: акциздер – 32,9%, қосымша құн салығы – 36,1%, корпоротивтік табыс салығы – 6,4%, жеке табыс салығы – 6,8%, әлеуметтік салық – 5,2%, мүлік салығы – 5,3%.
Есепті кезеңге берешек 6,1 млрд. теңгені құрады (2018 жылдың
1 қарашасына 6,9 млрд. теңге).
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2019 жылғы қаңтар-қазан айларында облыста 44881 жұмыс орны құрылды, оның 29678-ы тұрақты.
Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа тұруға тіркелген 53009 адамның 26189-ы жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 7580 адам жіберілді.
Әртүрлі әлеуметтік көмек 285,9 мың алушыға 20694,3 млн. теңге көлемінде төленді, оның ішінде: кедейшілік шегінен төмен тұратындарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек–231,6 мың алушыға 19413 млн. теңге және басқалары.
Ағымдағы жылдың 1 қарашасына 15468 жұмыссыз тіркелген, тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 1,5%-ін құрады.
2019 жылдың 3 тоқсандағы орташа айлық еңбекақы 20,6%-ке артып, 137,1 мың теңгені құрады.