Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Алакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сапақ ауылдық округі әкімін сайлауды, Ақсу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қапал ауылдық округі әкімін сайлауды, Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қаракемер, Жаңашар, Бәйдібек би ауылдық округтері, Қаратал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үштөбе қаласы әкімінің сайлауды, Талғар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Талғар қаласы әкімінің сайлауын тағайындады.
Сайлау 2022 жылғы 12 маусымға тағайындалды, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 14 мамырда басталады және 2022 жылғы 27 мамырда сағат 18.00-де аяқталады.