Халықты адам денсаулығын қорғауға қажетті іс-шараларды жүзеге асыруға белсендіру, адамның әл-ауқатына және салауатты өмір салтына бағытталған қоғамдық сананы қалыптастыру, дене шынықтыруды насихаттау және бронх демікпесінің алдын алу мақсатында 30 іс-шара өткізіліп, 1276 адам қамтылды. Оның ішінде 257 адамды қамтитын 12 оқыту семинары, 393 адамды қамтитын 6 онлайн вебинар мен конференция, 148 адамды қамтитын 5 спорттық іс-шара.
Аталған іс-шаралар Ақсу, Балхаш, Еңбекші, Ескелді, Іле, Қарасай, Талғар, Ұйғыр аудандыры мен Талдықорған қалаласында өткізілді.
Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық күні аясында «Біздің планета – біздің денсаулығымыз» ұранымен облыстың 58 мыңнан астам тұрғынын қамтыған 623 іс-шара өткізілді. Оның ішінде 60 адам қамтылған мектепке дейінгі мекемелердегі тақырыптық сыныптар, 8562 адам қамтылған сыныптық және кураторлық сағаттар, 110 адам қамтылған шығармашылық байқаулар, 33 адам қамтылған дөңгелек үстелдер, 138 адам қамтылған флешмобтар, 4407 адам қамтылған ашық есік күндері, 2007 адам қамтылған семинар-тренингтер, 39217 адам қамтылған спорттық іс-шаралар, 3835 адам қамтылған мамандандырылған денсаулық сақтау мектептерінде лекциялар мен әңгімелер.