Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында СӨСҚ қызметі келесі жұмыстарды орындады.
"Туберкулездің аурулардың алдын алу», «Онкологиялық аурулардың алдын алу», «Коронавирустық инфекция және ЖРВИ аурулардың алдын алу», "Репродуктивті денсаулықты қорғау», "Психикалық денсаулық», "Дене белсенділігі насихаттау», «Дұрыс тамақтануды насихаттау", «Жарақаттанудың алдын алу», «Иммунизация» тақырыптары бойынша 3 мыңнан облыс тұрғындарын қамтумен 120 астам түрлі шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша үнпарақ, буклет, баннер тираждалды.
Жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша баннер жасалды.
Өткізілген шаралар туралы ақпарат әрдайым әлеуметтік желілерде орналастырылуда.
Алматы облысындағы алғашқы медициналық санитарлық көмек деңгейінде салауатты өмір салтын насихаттау бойынша өткізілген іс-шараларға алғашқы талдау мен мониторинг жүргізілді.