Меню

Страницы

Статья

Облыста құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар салынады

Алматы облысында құрылыс материалдарын өндіретін 5 жаңа кәсіпорын ашылады. Бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаев «ТК «Газоблок» компаниясы мен «Алмпласт» ЖШС басшыларымен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев өз сөзінде елімізде құрылыс саласы қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

- Бүгінгі таңда құрылыс секторы ел экономикасының негізгі драйвері болып табылады. Соның ішінде біздің облыста құрылыста жаңа серпін байқалады. Құрылыс материалдарын шығаруға инвестициялық белсенділік артып отыр. Бұл өз кезегінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпалын тигізетін болады. Бүгін Іле ауданы мен Талдықорған қаласында жаңа зауыттар салуды жоспарлап отырған екі инвестормен арнайы кездесіп отырмын, - деп атап өтті Қ.Бозымбаев.

Меморандум аясында құрылыс саласындағы 5 жаңа жоба қолға алынбақ. Мәселен, «ТК «Газоблок» компаниясы Іле ауданында 3 зауыт, Талдықорғанда 1 зауыт салуға ниетті. Бұл кәсіпорындар газоблоктар, цемент панельдердің талшықтарын, шыны мақталарын шығаратын болады. Жобалар жеті жылға жоспарланған. Шамамен 26 млрд. теңге инвестиция тартылып, 240 жұмыс орны ашылады.

- Біз шығаратын құрылыс материалдары негізінен сырт елдерден әкелінеді. Қысқаша айтқанда, импортқа тәуелді. Сондықтан біз ішкі нарықтың сұранысын отандық өнімдермен толықтыруды мақсат етіп отырмыз, - деді «ТК «Газоблок» компаниясының бас директоры Максим Ким жоба жайлы қысқаша баяндап.

Ал «Алмпласт» ЖШС «Талдықорған» индустриалды аймағында диаметрі 20-1200 мм пластик құбырлар шығаратын өндіріс орнын ашады. Жоба 2022-2023 жылдары іске асырылады. Тартылатын инвестиция көлемі – 2,6 млрд. теңге, 37 жұмыс орны құрылады. Жобаның жылдық қуаты - 16,8 мың тонна.

Бұл жобалар құрылыс индустриясының дамуына жаңа серпін беріп, ел нарығына отандық құрылыс материалдарын көптеп шығаруға үлес қоспақ.

Меморандумға Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, «ТК «Газоблок» компаниясының бас директоры Максим Ким мен «Алмпласт» ЖШС директоры Сабырхан Қасымов қол қойды.

Дата публикации
12 мая 2022
Дата обновления
12 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы