Халықты туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы, туберкулездің алғашқы белгілері туралы, туберкулезді жұқтырудың қауіптілігі мен ауыр зардаптары туралы ақпараттандыру, денсаулыққа ортақ жауапкершілікті тәрбиелеу, өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын дамыту мақсатында облыстағы МСАК деңгейінде облыстың 24810 тұрғынын қамтумен 472 түрлі іс-шара (дәрістер, әңгімелер, акциялар, дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері және т.б.) ұйымдастырылып, өткізілді.
Сонымен бірге, салауатты өмір салтының қызметкерлері 673 адамды қамтумен 20 іс-шара ұйымдастырды. Соның ішінде 215 адамды қамтумен 10 семинар-тренинг, 310 адамды қамтумен 5 онлайн-вебинар және конференция, 148 адам қатысқан 5 спорттық шара өткізілді.
Аталған іс-шаралар Ақсу, Ескелді, Кербұлақ, Талғар, Ұйғыр аудандыр мен Талдықорған және Текелі қалаларында өткізілді.