Туберкулез әлемдегі ең қауіпті инфекциялардың бірі болуда. Күн сайын туберкулезден 4100-ден астам адам қайтыс болады, ал 28000-ға жуық адам алдын-алуға болатын және емделетін аурумен ауырады. Туберкулездің алдын алу және емдеу мәселелерін шешуге назар аудару, халықты ауру туралы хабардар ету және медициналық көмекке уақтылы жүгіну қажеттілігі, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл сайын туберкулездің алдын алу бойынша айлық өткізіледі.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде 24810 халықты қамтумен 472 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Оның ішінде салауатты өмір салты қызметі жалпы 696 адамды қамтыған 10 семинар-тренинг, 5 онлайн-вебинар мен конференция, 5 спорттық іс-шара өткізді. Іс-шаралар Ақсу, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Кербұлақ, Талғар, Ұйғыр аудандарында және Талдықорған қаласында өткізілді.