Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында СӨСҚ қызметі келесі жұмыстарды орындады.
"Туберкулездің аурулардың алдын алу», «Онкологиялық аурулардың алдын алу», «Коронавирустық инфекция және ЖРВИ аурулардың алдын алу», «Темекі шегушіліктің алдын алу», "Репродуктивті денсаулықты қорғау», "Психикалық денсаулық», "Дене белсенділігі насихаттау», «Дұрыс тамақтануды насихаттау" тақырыптары бойынша 1,5 мың облыс тұрғындарын қамтумен 60 түрлі шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша үнпарақ, буклет, баннер жасалды.
Өткізілген шаралар туралы ақпарат әрдайым әлеуметтік желілерде орналастырылуда.
Алматы облысындағы алғашқы медициналық санитарлық көмек деңгейінде салауатты өмір салтын насихаттау бойынша өткізілген іс-шараларға алғашқы талдау мен мониторинг жүргізілді.
Ү.ж. 1 тоқсанында 133848 облыс тұрғындарын қамти отырып 5250 іс-шара өткізілді. Ең көп қамтылған аудандар: Аксу ауданы – 19%, Еңбекшіқазақ ауданы – 13%, Ескелді ауданы – 11%.