Меню

Страницы

Статья

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің атқарылған жұмыстары жайлы ақпарат

2022 жылдың  01 сәуіріне  мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспар  170 691 млн.теңге болса, түсім 188 037  млн.теңгеге түсіп, жоспар  110,2%  пайызға орындалды, жоспардан  тыс 17 346  млн.теңге түсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсім 28 725 млн.теңгеге артып, өсу қарқыны  118,0 пайызды құрады.

Жергілікті бюджет бойынша жоспар 86 700  млн.теңге болғанда, түсім  102 233   млн.теңгеге түсіп 117,9 пайызға орындалды, жоспардан тыс 15 533 млн.теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда  24 491  млн. теңгеге артып, өсу қарқыны 131,5 пайызды құрады.

            Республикалық бюджет бойынша жоспар 83 990 млн.теңге болғанда түсім 85 804 млн.теңгеге түсті немесе орындалуы 102,2 пайыз,     жоспардан тыс 1813 млн. теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 4 233 млн.теңгеге артып, өсу қарқыны  105,2% құрады.

           Кедендік төлемдер мен салықтары бойынша  жоспар 48,6 пайызға орындалды,  жоспар 38 259 млн.теңге болса, түсім 18 613 млн.теңге немесе жоспардан  19 647 млн.теңге кем түсті. Өткен жылмен салыстырғанда  31 170 млн.теңгеге артық түсіп, өсу қарқыны  59,7 пайызға жеткізілді.

Ағымдағы жылдың басынан мемлекеттік бюджетке 2 634 төлеушіден  6 147,6  млн.теңгеге қосымша резервтер  келесі салықтардан іздестірілді:

     -   қосылған құн салығынан  3 756,1 млн. теңге;

-   корпоративтік табыс салығынан  1 018,2 млн.теңге;

-   кедендік төлемдер мен салықтардан 807,2 млн.теңге;

     -   жеке табыс салығынан  161,1 млн.теңге;

-   заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салығынан  107,8 млн.теңге;

     -   әлеуметтік салығынан  20,2 млн.теңге;

  • айыппұл бойынша 6,0 млн.теңге;

     -   басқасы  271,0 млн.теңге.

 

2022 жылдың 1 сәуіріне салықтар бойынша бересі 8 605,5 млн.теңгені құрады, 2022 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 5 161,6 млн.теңгеге немесе 37% азайды  (2022 жылдың 1 қантарына бересі 13 767,1 млн.теңгені құрады).

 

Аумақтық басқармалармен барлық борышкерлерге қатысты мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары күнделікті қолданылады.

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және оның аумақтық бөлімшелері бұқаралық-түсіндіру жұмысы туралы 2022 жылдың 3 айында келесі жұмыстар атқарылды.

 

Жыл басынан түсіндірме сипатындағы 3328 іс-шара өткізілді. Оның ішінде:

– республикалық және аймақтық газеттерде 44 мақала жарияланған.

- alm.kgd.gov.kz департаментінің ресми сайтында және Facebook, Twitter, VK, Инстаграмм әлеуметтік желілер аккаунттарында және аудандар әкімдерінің ресми сайттарында 3112 ақпараттық материал орналастырылған, оның ішінде ақпараттық агенттіктердің сайттарында – 34 мақала ("Zakon KZ", "Тенгри Ньюс", "НУР.KZ", "Ақпарат Инфо",»деловой Казахстан»);

– республикалық және жергілікті теледидар бойынша ("Қазақстан" ТРК, "Атамекен", "Хабар", "24 КZ", "КТК", "Алматы ТВ" және "Жетісу" ТРК) - 10 сөз сөйлеу түсірілді;

- "Жетісу" ТРК және "ЕсКаТел" ТД жергілікті теледидар бойынша 95 хабарлама жүгіртпе жолға орналастырылды;

- радио арқылы 67 хабарлама болды;

Сонымен қатар 390 түсіндіру іс–шаралары, оның ішінде 367 семинарлар, 5 брифингтер, 13 дөңгелек үстелдер, 5 «Ашық есік күндері» өткізілді.

Ұлттық телеарналарда 105 бағдарламалар түсірілімі жүргізілді, оның ішінде республикалық телеарналар бойынша – 10 және 95 жергілікті арналарда хабарлама жүгіртпе жолға орналастырылды. Мысалы, «Хабар», «24 KZ», «КТК», «Алматы ТВ», «СТВ» республикалық телеканалдарында және жергілікті «Жетісу» ТК салық және кеден заңнамасындағы өзгерістері бойынша, жаңалықтар мен басқа да арнайы бағдарламаларда үнемі түсіндіріліп отырады.

"Азаматтық бақылау-Чекті талап ет", "Көзбен шолып қарау" пилоттық жобаларын іске асыру, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) енгізу, жалпыға бірдей декларациялауды енгізу, "e-Salyq Azamat", "e-Salyq Business" мобильді қосымшасы, темекі өнімдеріне цифрлық таңбалау, чат бот SalyqBot, онлайн-БКМ қолдану және басқа да цифрлық инновациялар туралы материалдар тұрақты негізде жарияланады.

Салық және кеден заңнамасының нормаларын тұрақты негізде түсіндіру бойынша жұмыс аясында Алматы облысындағы МКД қызметкерлері Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы өткізетін Бухгалтерлер клубының отырыстарына және түрлі семинарларға қатысады. Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Өзара әрекеттестік аясында ай сайын Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында «Салық сағаты» өткізіледі, онда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық салу мәселелері бойынша кәсіпкерлерге кеңес береді.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  2022 жылдың  2 тоқсанына  келесі міндеттерді белгіледі:

 

  1. 2022 жылдың мемлекеттік, республикалық, жергілікті бюджеттерінің жоспарын орындалуын және салықтар мен кедендік түсімдердің барлық түрлері бойынша орындалу сапасын қамтамасыз ету. 2021 жылдың деңгейіне түсімнің төмендеуіне жол бермеу және түсімнің артуын қамтамасыз ету.

  2. Бюджеттегі салық қарыздарын, кеден қарыздарын азайту, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздарды азайту.

  3. Бюджеттің түсімінің көбейту мақсатында салықтық, кеден әкімшілендіру және қосымша резервтерді іздестіру, салық салу базасын кеңейту жұмысын жақсарту.

  4. Салық төлеушілерге және сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату жұмыстарын жүргізу.

  5. Салық және кеден сұрақтары бойынша қоғамды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету.

 

Дата публикации
15 апреля 2022
Дата обновления
15 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы