Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 1 - тоқсандағы жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралуына талдау

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсынудың кестесін бекіту туралы» өкімінің 11-тармағын орындау шеңберінде облыс әкімінің аппараты 2022 жылғы 1 - тоқсандағы жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралуына талдау жүргізді.

Есепті кезеңде облыс әкімі аппараты басшылығының атына жеке және заңды тұлғалардан 2280 өтініш келіп түскен, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 579-ға артық (2021 ж. – 1700)

Жалпы өтініштердің 490-ы жоғары тұрған органдардан түскен, оның ішінде:

ҚР Президенті Әкімшілігінен – 381;

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен – 56;

Министрліктерден – 44;

ҚР Парламентінен – 9.

1977 өтініш «Е-Өтініш» ақпараттық жүйе арқылы жіберілген, бұл келіп түскен өтініштердің жалпы санының 70,1 %-ын құрайды.

Көтерілген мәселелердің сипаты бойынша ең көбі:

-145 (6,4%) – тұрғын үй беру және коммуналдық-шаруашылық мәселелері;

-114 (5,0 %) – жер беру және жерді пайдалану;

- 64 (2,8 %) – әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері (материалдық және әлеуметтік көмек көрсету,білім беру, денсаулық сақтау);

- 56 (2,5%) – мемлекеттік басқару мәселелері (жер және басқа да дауларды шешудегі лауазымды тұлғалардың әрекеті және әрекетсіздігі, лауазымды тұлғалардың үстінен түскен шағымдар, жеке мәселелері бойынша қабылдауға өтініштер);

- 49 (2,2 %) құрылыс мәселелері;

- 45 (1,9%) – кәсіпкерлік мәселелері;

- 23 (1,0%) – ауыл шаруашылығы мәселелері;

- 15 (0,6%) – спорт мәселелері.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес 1444 өтініш тиісті мемлекеттік органдарға қайта бағытталған, олар 51,2%-ды құрайды.

Өтініштердің көпшілігі Алматы қаласынан – 471 (16,7%),  Талдықорған қаласынан - 378 (13,4%),  Еңбекшіқазақ ауданынан - 172 (6,1%), Қарасай – 171 (6,1%), Талғар -157 (5,6%), Іле  – 143 (5,1%), барлығы –1492, олар жалпы өтініштер санының 52,9%-ін құрайды.

Кодекстің 90-бабына сәйкес мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік орган басшысы бекіткен қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалар өкілдерін, соның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдау жүргізулері тиіс.

Жеке қабылдау кезінде облыс басшылығы 75 адамды қабылдап, түсініктеме берді.

Талдау көрсеткендей, өтініштердің көпшілігі облыс орталығынан, Алматы қаласынан және Алматы қаласымен шекаралас халық тығыз қоныстанған өңірлерден түскен. Барлық өтініштер Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес қаралады.

Жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аталған проблемаларды шешу бойынша шаралар қабылдауда.

Мемлекеттік органдардың сайттарында "жиі қойылатын сұрақтар" бөлімі ашылды, онда білім беру гранттарын беру, балабақшаға кезектілік, балаларды мектепке қабылдау, әртүрлі мақсаттарға жер беру тәртібі, тұрғын үй алуға кезекке қою, кезектілікті бақылау, атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік төлемдер тағайындау және табысын жоғалту туралы неғұрлым сұранысқа ие тақырыптарға жауаптар орналастырылған.

Азаматтардың өтініштерін қарауды жаңа фоматқа көшіру бойынша жұмыс жалғасуда және бақылауға алынды. Өтініште қойылған мәселені барынша шешу, немесе қолданыстағы заңнама шеңберінде нақты және айқын түсіндіру үшін жауаптардың уақытылығын, сапасын қамтамасыз ету және шаралар қабылдау тапсырылды.

Алматы облысының әкімінің әлеуметтік желілерде жеке парақшасы ашылып, осы күнде белсенді жұмысын жүргізуде.

Сондай-ақ,халықпен кері байланысты орнату мақсатында «Facebook», «Instagram», «Twitter», «Вконтакте», «Мой мир» әлеуметтік желілерінде облыс әкімі баспасөз қызметінің ресми парақшалары тиімді жұмысжүргізіп келеді. Оқырмандар мен жазылушылардан келіп түскен өтініштерге, пікірлер мен шағымдарға түсіндірулер мен жауаптар уақытылы беріліп отырады.

Облыс әкімінің жеке парақшалары мен әкімнің баспасөз қызметінің парақшаларына оқырмандар тарапынан көптеген өтініш-тілектер мен арыз-шағымдар келіп түсуде. Олар бойынша тиісті мемлекеттік мекеме мен құзырлы орган басшыларына тұрғындардың атап көрсеткен түйткілді мәселелерінің мән-жайын анықтап, шешімін табу бойынша нақты тапсырмалар берілуде. Пікірлер мен өтініштердің мазмұнына қарай кейбір сұрақтардың жауабын баспасөз қызметінің мамандары өз құзыреті шеңберінде желі қолданушыларына уақыт оздырмай тиісті жауабын беруде.

Сонымен қатар, халықпен кері байланысты белсенді қылумақсатында «Алматы облысы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі» Telegram-каналы жұмыс істейді.

Облыс әкімі аппаратының ғимаратында күнделікті келушілермен жұмыс жүргізілуде. Көтерілген мәселелер сипаты бойынша қабылдау жүргізу үшін басқармалардың басшылары, аудан әкімдері, облыс әкімінің бас инспекторлары-өңірлердің жетекшілері шақырылады.

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының «Онлайн – қабылдау» бірыңғай платформасында  Алматы облысы әкімінің аппараты «Сұрақ қою» кіші бөлімін орнатты.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесі ерекше бақылауда тұр.

    

Дата публикации
08 апреля 2022
Дата обновления
08 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы