Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша мемлекеттік тапсырысты іске асыру аясында, 2022 жылы келесі іс-шараларды өткізу жоспарланды.
Халықтың денсаулығын нығайту және сақтау жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу, мынадай мәселелер бойынша: "Жұқпалы аурулардың алдын алу (коронавирустық инфекция және ЖРВИ, туберкулез, вирустық гепатит, ЖІИ, вакцинация, АИТВ/ЖИТС, ЖЖБИ және т.б.)", "Инфекциялық емес аурулардың (онкология, ҚЖА, қант диабеті, бронх демікпесі және т.б.) алдын алу", "Мінез-құлықтық қауіп факторларының (темекі, алкоголь, нашақорлық және т.б.) алдын алу", "Дене белсенділігі мен дұрыс тамақтануды насихаттау", "Репродуктивті денсаулықты қорғау (отбасын жоспарлау, контрацепция мәселелері, жасөспірімдердің жүктілігі мәселелері)", "Жарақаттанудың алдын алу", "Психикалық денсаулық (суицид, стресстің алдын алу және т.б.)".
341 500 дана ақпараттық-білім беру материалдарын шығарып, Алматы облысының 17 ауданы мен 3 қаласына жеткізу.
Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша 20 баннер жасау және орнату.
Қоғамдық орындардағы LED мониторлар арқылы жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, мінез-құлықтық қауіп факторлары, репродуктивті денсаулықты, психикалық денсаулықты қорғау бойынша бейне роликтерді көрсету.
Әлеуметтік желілерде өткізілген шаралар туралы ақпаратты орналастыру.
Алматы облысында өткізілетін салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ісшараларға мониторинг жүргізу және бастапқы талдау жүргізу.
Ақсу, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Талғар, Ұйғыр ауданының және Қапшағай қаласының СӨСҚ мамандары жедел респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу, туберкулездің алдын алу, темекішегушіліктің алдын алу, қатерлі ісік аураларының алдын алу, ұрпақты болу денсаулығы және психикалық денсаулықты қорғау бойынша жалпы білім беру мектептерінде оқушылар арасында семинар-тренингтер ұйымдастырып, өткізді.