Меню

Страницы

Статья

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҮЛГІЛІК БАЗАЛЫҚ БАҒЫТ-4 (ҮББ-4) ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ КЕҢЕС ӨТТІ

2022 жылғы 30 наурызда Алматы облысының әкімдігінде №4 үлгілік базалық бағыттағы "сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" (ҮББ-4) жобаларының таныстырылымы өтті.
Кеңеске облыстық басқармалардың басшылары, ҮББ-4 жобалар тобының жетекшісі З. С. Құсайынова, ҮББ-4 менеджерлері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссар және Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция басқармасының басшысы А.Ж. Садықов қатысты.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссары – Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу басқармасы басшысының орынбасары М.П. Коваленко жобалық басқарудың негіздері, оның артықшылықтары, құқықтық негізі туралы айтып, «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағыты» жобасын таныстырды.
Сондай-ақ, кеңеске қатысушылардың назарын «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын іске асырудың өзектілігіне, жоба шеңберінде қойылған міндеттерді сапалы орындауды қамтамасыз ету қажеттілігіне аударды.
Жоба менеджерлері ҮББ-4 іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар туралы есеп берді.
Бұл бағыттағы жұмыс Облыс әкімдігі мен Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Дата публикации
30 марта 2022
Дата обновления
30 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы