2022 жылғы 16 ақпанда сағат 18.00 де Үңгіртас ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды. Ауылдық округ бойынша 4 кандидат тіркелді, оның ішінде 2 (50%) – саяси партиялармен, 2 (50%)- өзін өзі ұсыну тәсілімен.
«NurOtan» партиясынан 1 кандидат тіркелді- Абдуали Дәурен Нұрмұханбетұлы, 1987 жылы туған, қазақ, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Жамбыл ауданы, Сарыбастау ауылының тұрғыны, 1 кандидат Қазақстан халық партиясынан- Серікбаев Айдос Сталханұлы, 1982 жылы туған, қазақ, Қазақстан халық партиясының мүшесі, Алматы қаласының тұрғыны . Өзін өзі ұсыну тәсілімен 2 кандидат тіркелді- Жекебаев Марлен Муңлықұлы, 1989 жылы туған, қазақ, Жамбыл ауданы, Еңбекшіарал ауылының тұрғыны; Чашабаев Азамат Тұрсынбекұлы, 1975 жылы туған, қазақ, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының тұрғыны.