Есепті кезеңде облыс әкімінің аппараты басшылығының атына жеке және заңды тұлғалардан 4531 өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 610-ға артық (2019ж. – 3921).
Жалпы келіп түскен өтініштердің 763-і жоғары тұрған органдардан, оның ішінде ҚР Президенті Әкімшілігінен – 532, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен – 113, министрліктерден – 67, ҚР Парламентінен – 51.
Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілген: тұрғын үй беру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 1120, әлеуметтік қамтамасыз ету материалдық және әлеуметтік көмек көрсету, білім беру, денсаулық сақтау) – 970, жер пайдалану және жер учаскелерін бөлу – 472, мемлекеттік басқару (жер дауларын және т.б. шешу кезіндегі лауазымды тұлғалардың әрекеті мен әрекетсіздігі, лауазымды тұлғаларға шағымдар, жеке мәселелер бойынша қабылдауға өтініш) – 453, ауыл шаруашылығы – 231, құрылыс – 191, кәсіпкерлік – 161, мәдениет – 109, интернет мәселесі – 56, төтенше жағдайлар – 41, әділеттілік, құқықтық тәртіп – 30.
Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласынан - 1096, Алматы қаласынан - 663, Қарасай ауданынан – 420, Талғар ауданынан – 389, Еңбекшіқазақ ауданынан - 344, Іле ауданынан - 303, Жамбыл ауданынан - 136 түскен.
Өтініш берушілердің әлеуметтік құрамы бойынша халықтың барлық негізгі топтары бар, сонымен бірге облыс басшылығының атына өздерінің проблемалық мәселелері бойынша шешім қабылдау өтініштерімен көп балалы және зейнеткерлер жиі жүгінеді.
Облыс басшылығының жеке қабылдауында 444 адам болды, 114 өтініш бойынша оң шешім қабылданды, 330-на түсініктеме берілді.
ҚР Президентінің Көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің тапсырмасы бойынша апта сайын әр жұмада облыс басшылығы онлайн режимде қабылдау жүргізеді, онда 70 адам қабылданды.
Мысалы, Қарасай ауданының Жаңатұрмыс ауылының сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жүргізу туралы Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылы тұрғынының өтініші бойынша бүгінгі күні Жаңатұрмыс ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы аяқталды. Құрылысты "Таусамалы Қызмет" КМК өз қаражаты есебінен жүргізді. Қазіргі уақытта су штаттық режимде беріледі;
- Сарқан қаласы Тоқтаров көшесі тұрғындарының жол жөндеу мәселесі туралы өтініші бойынша 2020 жылы Сарқан қаласының, оның ішінде Тоқтаров көшесіндегі жолдарды ағымдағы жөндеуге 25,0 млн.теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп, тамыз айында аяқталды;
– Кербұлақ ауданы Көкбастау ауылы тұрғындарының жолдарды жөндеу туралы өтініші бойынша "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша 69,067 млн. теңге бөлінді, жұмыстарды "Дортехмонтажсервис" ЖШС жүргізді және бүгінгі күні жұмыстар аяқталды;
- Көксу ауданы Қызылтоған ауылы тұрғындарының өтініші бойынша Лабилданов көшесінің жолын жөндеуге 35 млн.теңге бөлінді. Мердігер "Ақсұңқар-ай" ЖШС осы көшеге жалпы ұзындығы 1,38 шақырым болатын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді;
- Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылы тұрғындарының Жеңістің 75 жылдығына орай Орталық саябақты абаттандыру мәселесі туралы өтініші бойынша "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша 26,0 млн теңге бөлініп, бүгінгі күні жұмыстар 100% - ке аяқталды.
Келіп түскен барлық өтініштер қаралып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрқайсысына жауаптар мен түсініктемелер берілді.