Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың 10 айында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу

2020 жылдың 10 айында облыс әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 5085 өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 701 – ге артық (2019 ж. - 4384).

Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 874 – і жоғары тұрған органдардан, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігінен-601, ҚР Премьер – Министрі Кеңсесінен – 122, министрліктерден – 94, ҚР Парламентінен-57.

Өтініштерде көбінесе көтерілген сұрақтар: тұрғын үй беру және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері-1273, әлеуметтік қамсыздандыру (материалдық және әлеуметтік көмек көрсету, білім беру, денсаулық сақтау туралы) – 1088, жер беру және жер пайдалану – 530, мемлекеттік басқару (лауазымды адамдардың жер дауларын және басқаларды шешудегі іс – әрекеті мен әрекетсіздігі, лауазымды адамдарға шағымдар, жеке мәселелер бойынша қабылдау туралы өтініштер) – 509, ауыл шаруашылығы – 245, кәсіпкерлік - 218, құрылыс – 211, мәдениет – 122, интернет - 59, төтенше жағдайлар - 42, сот төрелігі, құқықтық тәртіп мәселелері - 36. 

Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласынан – 1304, Алматы қаласынан -754, Қарасай ауданынан – 461, Талғар ауданынан – 437, Еңбекшіқазақ ауданынан – 344, Іле ауданынан – 342, Жамбыл ауданынан – 141 түскен.

Өтініш берушілердің әлеуметтік құрамы бойынша халықтың барлық топтары бар, сонымен қатар облыс басшылығының қабылдауына өздерінің проблемалық мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін көп балалылар және зейнеткерлер жиі өтініш білдіреді.

Жеке қабылдауда облыс басшылығы 570 адамды қабылдады, оның ішінде онлайн режимде 105 адам, оның ішінде 114-і оң шешім алды, 456 – сына түсініктеме берілді.

Мысалы, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғынының "Когер ЛТД" ЖШС басшылығы тарапынан жалақы төлеу бойынша еңбек заңнамасын бұзу туралы өтініші бойынша - тексеру нәтижелеріне сәйкес заңнаманы бұзушылық расталып, басшылыққа нұсқама берілді және берешек толық өтелді;

- Іле ауданы Жаңаталап ауылының тұрғынының сумен жабдықтау жүйесіндегі ақауларды жою туралы өтініші бойынша - ақауларды жою бойынша шаралар қабылданды және бүгінгі күні сумен жабдықтау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеуде;

- Талдықорған қаласы тұрғынының  "Ақсу Қант" ЖШС-да еңбекақысын уақытылы төлемегені туралы өтініші бойынша - тексеруден кейін жалақы төленді;

- Талдықорған қаласының тұрғынының газбен жабдықтау мәселесін шешу туралы өтініші бойынша - ағымдағы жылдың 16 қазанында есептегіш құралы орнатылып, газбен жабдықтау мәселесі шешілді.

Келіп түскен барлық өтініштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралып, әрқайсысы бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.

 

Дата публикации
06 ноября 2020
Дата обновления
06 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы