Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың 11 айында келіп түскен өтініштерге шолу

2020 жылдың 11 айында облыс әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 5601 өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 637 – ге артық (2019 ж. - 4964).

Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 973 – і жоғары тұрған органдардан, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігінен-661, ҚР Премьер – Министрі Кеңсесінен – 127, министрліктерден – 121, ҚР Парламентінен-64.

Өтініштерде көбінесе көтерілген сұрақтар: тұрғын үй беру және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері-1406, әлеуметтік қамсыздандыру (материалдық және әлеуметтік көмек көрсету, білім беру, денсаулық сақтау туралы) – 1172, жер беру және жер пайдалану – 577, мемлекеттік басқару (лауазымды адамдардың жер дауларын және басқаларды шешудегі іс – әрекеті мен әрекетсіздігі, лауазымды адамдарға шағымдар, жеке мәселелер бойынша қабылдау туралы өтініштер) – 564, ауыл шаруашылығы – 278, кәсіпкерлік - 246, құрылыс – 230, мәдениет – 141, интернет - 63, төтенше жағдайлар - 45, сот төрелігі, құқықтық тәртіп мәселелері - 40.    

Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласынан – 1508, Алматы қаласынан -821, Қарасай ауданынан – 508, Талғар ауданынан – 484, Іле ауданынан – 373, Еңбекшіқазақ ауданынан – 353, Жамбыл ауданынан – 163 түскен.

Өтініш берушілердің әлеуметтік құрамы бойынша халықтың барлық топтары бар, сонымен қатар облыс басшылығының қабылдауына өздерінің проблемалық мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін көп балалылар және зейнеткерлер жиі өтініш білдіреді.

Жеке қабылдауда облыс басшылығы 639 адамды қабылдады, оның ішінде онлайн режимде 131 адам, оның ішінде 124-і оң шешім алды, 515 – сіне түсініктеме берілді.

Мысалы, Қарасай ауданы, Қошмәмбет ауылының тұрғындары Шаған көшесін күрделі жөндеу мәселесі бойынша өтініш білдірген - жергілікті бюджеттен 65,9 млн.теңге бөлінді, мердігер "ДРСУ - 8". Бүгінгі күні Қошмамбет ауылының Шаған көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды;

-         Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының тұрғындары Тұздыбастау ауылынан шығатын жолда автокөліктің қозғалысы қиындағаны туралы мәселемен жүгінді - "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ ақпаратына сәйкес қазіргі уақытта республикалық маңызы бар Алматы-Талғар-Бәйдібек би автомобиль жолында (12+400 км) Тұздыбастау ауылынан шығатын жолда кептелістер  пайда болатын тар жерде Алматы қаласына қарай 15 метрге дейін кеңейту бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тиісінше, жүріс бөлігі 4 жолаққа дейін кеңейтілді. Бүгінгі таңда көлік ағындарын бөлетін жол белгілері салынды;

-   Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылының тұрғындары Қарабұлақ ауылының арық желілерін қайта жаңарту мәселесі бойынша - "Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының арық желілерін ағымдағы жөндеу" нысаны бойынша 30.04.2020 ж. "Verena Tech Research" ЖШС-мен (Верена Тэк Ресерч) шарт жасалды. Бүгінгі күні жұмыстар аяқталды;

-         Іле ауданының Көкқайнар ауылының тұрғындары  Ащыбұлақ ауылдық округін үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша - "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында электрмен жабдықтау трансформаторларын қайта жаңарту мәселесі бойынша өтініш білдірді, 10.11.2020 жылы "Іле ауданының ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ және "АЖК" АҚ арасында ТП-160кВА №3305 қосу үшін шектеу актісі алынды.

Келіп түскен барлық өтініштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралып, әрқайсысы бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Дата публикации
04 декабря 2020
Дата обновления
04 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы