Облыс әкімі аппаратына 2020 жылда жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу
2020 жылда облыс әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 6189 өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 761 – ге артық (2019 ж. - 5428).
Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 1076 – сы жоғары тұрған органдардан, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігінен-725, ҚР Премьер – Министрі Кеңсесінен – 142, министрліктерден – 143, ҚР Парламентінен-66.
Өтініштерде көбінесе көтерілген сұрақтар: тұрғын үй беру және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері-1616, әлеуметтік қамсыздандыру (материалдық және әлеуметтік көмек көрсету, білім беру, денсаулық сақтау туралы) – 1255, мемлекеттік басқару (лауазымды адамдардың жер дауларын және басқаларды шешудегі іс – әрекеті мен әрекетсіздігі, лауазымды адамдарға шағымдар, жеке мәселелер бойынша қабылдау туралы өтініштер) – 649, жер беру және жер пайдалану – 621, ауыл шаруашылығы – 303, кәсіпкерлік - 273, құрылыс – 237, мәдениет – 164.
Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласынан – 1689, Алматы қаласынан -888, Қарасай ауданынан – 535, Талғар ауданынан – 527, Еңбекшіқазақ ауданынан – 402, Іле ауданынан – 413, Жамбыл ауданынан – 176 түскен.
Өтініш берушілердің әлеуметтік құрамы бойынша халықтың барлық топтары бар, сонымен қатар облыс басшылығының қабылдауына өздерінің проблемалық мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін көп балалылар және зейнеткерлер жиі өтініш білдіреді.
Жеке қабылдауда облыс басшылығы 685 адамды қабылдады, оның ішінде 125-сі оң шешім алды, 560 – сына түсініктеме берілді.
Мысалы,
Мысалы, Қапшағай қаласы тұрғынының балаға есту аппаратын сатып алу туралы өтініші бойынша Қапшағай қаласының әкімдігі есту аппаратын сатып алу үшін 200 мың теңге мөлшерінде демеушілік көмек көрсетті;
- Қарасай ауданы Райымбек ауылы тұрғынының Әзірбаев атындағы орта мектепті күрделі жөндеу мәселесі жөніндегі өтініші бойынша 266 млн. теңге бөлінді. Конкурс қорытындысы бойынша мердігер "Передвижная механизированная колона – 615" ЖШС-мен шарт жасалды. Барлық бөлшектеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта мектеп ішінде және сыртында косметикалық (әрлеу жұмыстары) жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимарат ішінде электр сымдарын жүргізу бойынша жұмыстар 100% аяқталды;
- Қарасай ауданының Қошмәмбет ауылының тұрғынының Қошмәмбет ауылының Шаған көшесін күрделі жөндеу туралы өтініші бойынша жергілікті бюджеттен 65,9 млн.теңге бөлінді, мердігер - "ДРСУ-8". Қошмәмбет ауылының Шаған көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды;
– Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылының сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жүргізу туралы Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылы тұрғынының өтініші бойынша облыстық бюджеттен "Қарасай ауданының Жаңатұрмыс ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу" нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 13,437 млн.теңге бөлінді (2-кезек.
Жаңатұрмыс ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта су штаттық режимде беріледі.
Келіп түскен барлық өтініштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралып, әрқайсысы бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.