2021 жылдың қаңтар айында облыс әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 476 өтініш келіп түсті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 77 – ге артық (2020 ж. - 399).
Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 92 – сі жоғары тұрған органдардан, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігінен-62, ҚР Премьер – Министрі Кеңсесінен – 7, министрліктерден – 20, ҚР Парламентінен-3.
Өтініштерде көбінесе көтерілген сұрақтар: тұрғын үй беру және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері-122, мемлекеттік басқару (лауазымды адамдардың жер дауларын және басқаларды шешудегі іс – әрекеті мен әрекетсіздігі лауазымды адамдарға шағымдар, жеке мәселелер бойынша қабылдау туралы өтініштер) - 83, әлеуметтік қамсыздандыру (материалдық және әлеуметтік көмек көрсету, білім беру, денсаулық сақтау туралы) – 56, жер беру және жер пайдалану – 24, ауыл шаруашылығы – 20, кәсіпкерлік - 15, мәдениет – 15, құрылыс – 10.
Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласынан – 108, Алматы қаласынан - 82, Талғар ауданынан – 43, Қарасай ауданынан – 40, Еңбекшіқазақ ауданынан – 37, Текелі қаласынан – 30, Іле ауданынан – 29, Жамбыл ауданынан – 14 түскен.
Өтініш берушілердің әлеуметтік құрамы бойынша халықтың барлық топтары бар, сонымен қатар облыс басшылығының қабылдауына өздерінің проблемалық мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін көп балалылар және зейнеткерлер жиі өтініш білдіреді.
Жеке қабылдауда облыс басшылығы 32адамды қабылдады, оның ішінде 10-ы оң шешім алды, 22 – сіна түсініктеме берілді.