2021 жылдың 1 наурызына облыс әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 1076 өтініш келіп түсті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 152 – ге артық (2020 ж. - 924).
Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 205 – і жоғары тұрған органдардан, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігінен-131, ҚР Премьер – Министрі Кеңсесінен – 20, министрліктерден – 42, ҚР Парламентінен-12.
Өтініштерде көбінесе көтерілген сұрақтар: тұрғын үй беру және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері-265, әлеуметтік қамсыздандыру (материалдық және әлеуметтік көмек көрсету, білім беру, денсаулық сақтау туралы) – 118, жер беру және жер пайдалану – 108, адамдардың жер дауларын және басқаларды шешудегі іс – әрекеті мен әрекетсіздігі лауазымды адамдарға шағымдар - 97-, мемлекеттік басқару – 81, мәдениет – 48, ауыл шаруашылығы – 47, құрылыс – 43, жеке мәселелер бойынша қабылдау туралы өтініштер – 20 , еңбек қатынастары -19, кәсіпкерлік - 16.
Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласынан – 258, Алматы қаласынан - 252, Талғар ауданынан – 92, Қарасай ауданынан – 90, Іле ауданынан – 71, иЕңбекшіқазақ ауданынан – 68, Текелі қаласынан – 36, Жамбыл ауданынан – 31 түскен.
Өтініш берушілердің әлеуметтік құрамы бойынша халықтың барлық топтары бар, сонымен қатар облыс басшылығының қабылдауына өздерінің проблемалық мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін көп балалылар және зейнеткерлер жиі өтініш білдіреді.
Жеке қабылдауда облыс басшылығы 85 адамды қабылдады, оның ішінде 20-сы оң шешім алды, 65 – сіне түсініктеме берілді.